Архив событий

23/02/2017

Қызылқоға аудандық сотында дауларды сотқа дейін медиация тәртібімен реттеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді

23/02/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу жұмыстарын түсінідіру  мақсатында «Пилоттық жоба - дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді көздейді» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

6 тонна цистерна ұрлаған

23/02/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотталушы Р.Б. қатысты қылмыстық ісі  қаралды.

2016 жылдың желтоқсан айында Р.Б.бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын жымқыру мақсатында, жәбірленуші Б.И.-дың Махамбет ауданы, Береке ауылында орналасқан үйінің ауласында тұрған сыйымдылығы 6-тонна болатын цистернаны жасырын түрде жымқырып, оқиға болған жерден қашып кеткен. 

Оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде медиация тәртібінде татуласты

23/02/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотында талап қоюшы Султанованың жауапкер Шадировадан қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызы оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2016 жылдың шілде айының 25 күні жауапкер Шадирова талап қоюшы Султановадан қолхатпен 70 000 теңге қарызға ақша алғанын, қарызды тамыз айында қайтаратын болып келіскендерін көрсетіп,  жауапкерден 70 000 теңге қарызын және 700 теңге баж алымын өндіруді сұраған.

Махамбет аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисі қызметін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

23/02/2017

Дөңгелек үстелге соттың судьялары мен мамандары, аудандық прокуратураның аға көмекшісі А.Буденова, аудандық әділет басқармасының өкілі М.Искужина, аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторы Г.Сапыгалиев, аудандық аумақтық сот орындаушылар учаскесінің өкілі Ж.Хамзиева қатысты.

Алкоголь өнімдерін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

23/02/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында «Жостик» дүкенінің сатушысы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың  ақпан айында сағат 00.05 шамасында сатушы А. «Жостик» дүкенінде 2 дана «Парламент» арағын, жиырма бір жасқа толмаған тұлға А.-ға сатуға жол беріп, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200 бабының 1-бөлімінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Әкімшілік сот төрағасы тікелей эфирде сөз сөйледі

23/02/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жаксылык «Қазақстан-Атырау» телеарнасындағы «Заң қуаты» бағдарламасының кезекті шығарылымына қатысты.

Тікелей эфирде сот төрағасы Ж.Жаксылык  балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 383-бабының 3 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын, осы бапта көрсетілгендей әкімшілік құқық бұзшылық заттары және құралы тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын атап өтті.