Архив событий

07/02/2017

Заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

07/02/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің  482-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы Б.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б. ішкі істер органдарының тиісті рұқсатынсыз үйінде тегiс ұңғылы 16-калибрлі «Fair Premier» маркалы аңшылық қаруын сақтаған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы Б. Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (заңсыз қару сақтау) кінәлі деп танылып, оған 42 420 тенге айыппұл салынып, қаруы тәркіленді.

Сот іс бойынша ескіру мерзiмдерiнiң өтуiне байланысты қысқартуға қаулы етті

07/02/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) құқықбұзушы А.Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А.Ш. Н.Қобданов көшесіндегі №8 «а» үйінде дүкен құрылысының жұмыстарын құрылыс-монтаж жұмыстарын бастайтындығы туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органға хабарламай жүзеге асырған.

Жолаушылар пойызында төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

07/02/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы К.А.- ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы К.А. 2017 жылдың қаңтар айында №041 Атырау-Алматы жолаушылар пойызының ресторан вагонында отырып, ресторан директорын ар-намысына тиетін сөздермен балағаттаған, яғни қоғамдық орында төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген.

Жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізуші бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

07/02/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында ның Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 3 бөлігімен  құқықбұзушы А.Қ- ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы А.Қ.  Сағыз селосындағы Мергалиев көшесінің бойында «ВАЗ 21124» маркалы  автокөлігін алкогольдік ішімдік ішкен күйде жүргізіп, М.А.-ның иелігіндегі «ГАЗ 33021» маркалы автокөлігіне соқтығысып,  материалдық шығын келтіретін жол көлік оқиғасын жасаған.

Акционерлік қоғам әлеуметтік төлемді өндіріп алды

07/02/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында талап қоюшы «Мемлекеттік әлеуметтік  сақтандыру қоры» АҚ-ның жауапкер К.К.-ге жұмысынан айырылған жағдайда төленетін заңсыз алынған әлеуметтік  төлемді өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.