Архив событий

09/02/2017

Судьяға алғыс

09/02/2017

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж.Бектұрғановтың атына Өзбекстан Республикасының азаматы Д.А.Рахмоновтан Алғыс хат келіп түсті.

Хат авторы Д.Рахмонов Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ж.Жақсылыққа өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында судья ретінде жоғары кәсіби дәрежесін көрсетіп, әділ шешім шығарғаны үшін алғысын білдірген.

 

Емханада болған ұрлық

09/02/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен сотталушы С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жекелеген санаттар бойынша дауларды (шиеленістерді) сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің пилоттық жобасы іске қосылды

09/02/2017

Қолданыстағы бітімгершілік рәсімдердерді дамыту дауларды реттеу және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірудің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Осылай, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының өкімімен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже» бекітілді.

Құқықбұзушының автокөлігінде акциздік маркасыз спирттік ішімдіктер анықталды

09/02/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 283-бабының 2-ші бөлігімен (акцизделетін өнімді акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы) құқықбұзушы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.