Архив событий

15/02/2017

Атырауда кафе маңында болған өлімге қатысты күдіктілер қамауға алынды

15/02/2017

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясымен Атырау облысы ІІД-нің тергеушісінің Жаңаөзен қаласының екі тұрғынына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі өтінішхаты қаралды.

Тергеу органдарымен бірінші күдікті А.Б.-ға ҚК-тің 106 бабының 3 бөлігі (адам өліміне әкеп соққан қасақана ауыр сиян келтіру), ал екінші Е.А.-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлігі 7)9) тармақтарындағы (кісі өлтіру) қылмыстарын жасады деп күдіктенуде.

Рақымшылық жасау туралы Заңға сәйкес жазадан босатылды

15/02/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотында Мақат аудандық пробация қызметінің сотталған Б.Т.-ны негізгі жазадан «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес босату туралы ұсынымы қаралды .

Б.Т. Мақат аудандық сотының 25 желтоқсан 2015 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345 бабының 2 бөлігімен айыпты деп танылып, үш жыл мерзімге автокөлікті жүргізу құқығынан айыра отырып, 1  жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге, пробациялық бақылау тағайындауға сотталған.

Туған апасы мен жиен қарындасына былапыт сөйлеген адамға қатысты іс тоқтатылды

15/02/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 - бабының 1 - бөлігімен құқықбұзушы А.К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Лауазымды тұлғамен жасалған хаттамаға сәйкес, құқықбұзушы А.К. 2017 жылдың қаңтар айында өзінің үйінің алдында, яғни шарбақтың ішінде  туған апасы Г. мен жиен қарындасы С.-ны балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, былапыт сөйлеп, ұсақ бұзақылық жасады деп көрсетілген.

Психиатриалық ауруханада есепте тұратын азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды

15/02/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында талап қоюшы «Атырау облысының Ішкі істер департаменті» ММ-нің жауапкер Е.А.-ның көлік құралын басқару құқығын тоқтату туралы азаматтық ісі қаралды.

Махамбет аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

15/02/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге соттың судьялары мен мамандары, аудан прокурорының орынбасары Ж.Ураков, ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі А.Мусагалиев, Пробация қызметі бөлімшесінің аға инспекторы әділет капитаны Н.Ташекенова және инспектор аға лейтенанты А.Кабдыкайрова қатысты.

Елбасының Жолдауы талқыланды

15/02/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында судьялардың, сот қызметкерлерінің, аудан прокурорының орынбасары С.Ажмухановтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы талқыланды.

Атырау қалалық сотында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестациядан өткізу тәртібі туралы семинар өтті

15/02/2017

Атырау қалалық сотында сот қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 30 желтоқсандағы №404 Жарлығымен «Б» корпусының  мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды  өткізу  қағидалары туралы семинар өтті.

Оқушылардың ұсақ бұзақылы үшін ата-аналары жазаланды

15/02/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 435-бабымен (ұсақ бұзақылық) қозғалған Құлсары қаласындағы №9 мектептің оқушыларының ата-аналарына қатысты әкімшілік істері  қаралды.

2017 жылдың қаңтар айында 2003 жылы туылған жасөспірімдер, 8-ші  сынып оқушылары, өздері оқитын мектеп маңында, яғни қоғамдық орында шемішке шағып, қалдығын тастағаны үшін полиция қызметкерлерімен олардың ата-анасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы жасақталған.