Архив событий

14/02/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында«Сот актілерін орындау» тақырыбында семинар өткізілді

14/02/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегімамандандырылған ауданаралық сотында сот мамандарының қатысуымен семинарсабағы өткізілді.

Анасын балағаттап, сыйламаушылық көрсеткені үшін он тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

14/02/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен құқықбұзушы М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы М. бұрын Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып,әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, яғни алкогольдік масаң күйде анасына сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп балағаттап, отбасының тыныштығын бұзады.

Сот талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты несие өндіруді сұраған талапты қанағаттандырусыз қалдырды

14/02/2017

Атырау облысының  Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы ««Finance арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-нің жауапкер З.К.-ден банктік заем шарты бойынша берешекті өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап арызда 2006 жылы жауапкер З.К.-ның заем шарты бойынша «Альянс Банк» АҚ-нан 116 964 теңге несие алғаны, несиені кешіктіріп төлегендіктен өсімпұл есептеліп қарыз болғаны, 2016 жылға жауапкердің қарызы 44 639 теңге құрағанын көрсетіп, сол соманы  және 1339 теңге баж шығындарын өндіруді сұраған.

Медиация тағы бір отбасын сақтап қалды

14/02/2017

Атырау облысының Исатай аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша медиация келісімін бекітті.

Іс құжаттарына сәйкес, тараптар Г. мен А. 1999 жылдан бері некеде тұратындары, ортақ некелерінен кәмелеттік жасқа толмаған төрт балалары бар екені, жауапкер алкогольдік ішімдіктер ішуіне байланысты отбасында ұрыс болатынын анықталды.

Судьялар Одағы Атырау филиалының жаңа төрағасы сайланды

14/02/2017

Атырау облыстық сотында облыс судьялар корпусының барлық өкілдерінің қатысуымен Судьялар Одағының кезекті конференциясы өтті.

Конференция барысында Судьялар Одағы Атырау облыстық филиалы Кеңесінің төрағасы – Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е.Убигалиевтың 2015-2016 жылдар аралығындағы филиалдың атқарған жұмыстары жөнінде ақпарат тыңдалды.