Архив событий

17/02/2017

Сақтықта қорлық жоқ

17/02/2017

Атырау қаласының №2 сотының 15 ақпан 2017 жылғы үкімімен А.  ауыр қылмыс жасағаны – ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталды.

Сотталушы А. жәбірленуші К.-ның пәтерінде тазалау жұмыстарын атқару кезінде, пәтер иесінің жоқтығын пайдаланып, барлығы 1 670 000 теңгені құрайтын алтын бұйымдарын жасырын жымқырған.

Әкімшілік сот төрағасы Ж.Жақсылық - "Әкімшілік құқық бұзушылық істерін рәсімдеу кезінде арнайы нұсқаулық мүлтіксіз сақталуы қажет"

17/02/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы мен судьялары, Атырау ҚІІБ-нің №2 ҚПБ-ЖПК бастығы С.Казиханов, ЖПҚ бастығының орынбасары Р.Мажитов қатысты.

Жылқы малын қағып кеткен

17/02/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен Т.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Т.Ж.-ға қатысты 2017 жылдың қаңтар айында өзінің басқаруындағы «Mercedes – Benz GLK 250» маркалы автокөлігін Атырау - Индер тас жолының 70-71 шақырымында жүргізіп келе жатырғанда, жол қауіпсіздігін сақтамай, жылқы малдарын қағып, нәтижесінде материалдық шығын бар деген негізбен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Заңдық фактіні анықтау туралы іс

17/02/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында арыз беруші Т.Т. еңбек қатынасы заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.