Архив событий

27/02/2017

Атырау облысының судьялар корпусындағы кадрлық өзгерістер

27/02/2017

Қазақстан Республикасы президенті Н.Назарбаевтың 20 ақпан 2017 жылғы № 426 Жарлығымен Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының төрағасы лауазымына Махамбет аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып Досмағамбетова Айтжан Бағытжанқызы тағайындалды.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымына Атырау қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып Отарұлы Ғизатолла тағайындалды.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот актілерін орындаудын өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

27/02/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот актілерін орындаудын өзекті мәселелері» тақырыбында судьялардың, сот мамандарының, Атырау облыстық сотының судьясының, Атырау облыстық прокуратурасының өкілінің, Атырау аумақтық қылмыстық істер бөлімінің аға сот орындаушысының және жеке сот орындаушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Атырау облыстық соты сот ғимараты алдында өзін-өзі өртеу әрекеті болмағанын хабарлайды

27/02/2017

2017 жылдың 26 ақпанында «Единая Медийная Площадка Демократических Сил Казахстана» сайтында 25 ақпанда Атырау облыстық соты ғимаратының алдында Атырау қаласының 29 жасар тұрғыны өзін-өзі өртеген деген ақпарат орналасытырылды. Бұндай жағдай орын алмағандықтан, аталған жағдай шындыққа сәйкес келмейді.