Архив событий

10/02/2017

Сот талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуiне байланысты несие өндіруді сұраған талапты қанағаттандырусыз қалдырды

10/02/2017

Атырау облысының  Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы ««Finance арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-нің жауапкер З.К.-ден банктік заем шарты бойынша берешекті өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап арызда 2006 жылы жауапкер З.К.-ның заем шарты бойынша «Альянс Банк» АҚ-нан 116 964 теңге несие алғаны, несиені кешіктіріп төлегендіктен өсімпұл есептеліп қарыз болғаны, 2016 жылға жауапкердің қарызы 44 639 теңге құрағанын көрсетіп, сол соманы  және 1339 теңге баж шығындарын өндіруді сұраған.

Масаң күйде тағы да автоколікке отырған

10/02/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346 бабының 1 бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Құрманғазы ауданы Нұржау ауылының тұрғыны Б.К.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.