Архив событий

20/02/2017

Заңнаманың пилоттық жобасын түсіндіру мақсатында дөнгелек үстел өткізілді

20/02/2017

2017 жылдың 16 ақпан күні  Индер аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру мақсатында дөнгелек үстел өткізілді.

Жобаны талқылау төраға Д.Н.Тухфатованың, НДП «Нур-Отан» партиясының өкілдерінің, «Салем», «Стандарт» сақтандыру компанияларының өкілдерімен сот қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

ЖШС қалалық құрылыс бөлімінен 20 миллион теңге өндірді

20/02/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ақниет-БН» ЖШС-нің «Қалалық құрылыс бөлімі» ММ-нің жұмыс жасалғаны жөнінде біржақты қол қойылған актіні жарамды деп танып, 20 000 000 тенгені өндіру туралы  азаматтық іс қаралды.  

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекіткен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы» талқыланды

20/02/2017

Атырау облысының Исатай аудандық соты дөңгелек үстел өткізіп, онда даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылады.