Архив событий

08/02/2017

Жолдасының мұрасына таласқан қос әйел дауды медиация тәртібімен реттеді

08/02/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық соты талап қоюшы М.-ның талап арызы негізінде кәмелет жасына толмаған балаларын мұрагер деп тануды және зейнетақы жарнасын бөлу бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта анықталғандай, азаматша М. жолдасы қайтыс болғаннан кейін, оның зейнетақы қорындағы 607 000 теңге ақшаны бірінші жолдасы Ш. нотариусқа өзін жалғыз мұрагер ретінде көрсетіп, екінші әйелінен балалары бар екенін көрсетпей, жарнадағы барлық соманы алған.

Атырау қалалық сотында ашық есік күні өтті

08/02/2017

2017 жылдың 7 ақпаны күні Атырау қалалық сотында төраға А.Ермановтың басшылығымен ашық есік күні өтті. Бұл күні төраға әр түрлі мәселелелерімен жүгінген қала тұрғындарын қабылдады.

Ашық есік күнінің өткізілетіні туралы алдын-ала қала тұрғындарына хабарлау үшін Атырау облыстық сотының веб-сайтына және қалалық сотының күту залында хабарландыру жарық көрді.

Төраға А.Ерманов азаматтардың неке бұзу, балаға алимент өндіру, мүлікті бөлу, жер және еңбек дауларына қатысты  толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Жол жүру ережесін бұзғаны үшін жазаланды

08/02/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігімен сотталушы Д.Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Д.Б.өзінің басқаруындағы «АUDI-В4» маркалы автокөлігімен Атырау–Индер тас жолымен Акжайық селосы бағытына қарай келе жатырып, жол жүру ережесінің талаптарын өрескел бұзып, қарсы жол бағытына шығып кетіп, қарсы бағытта Индер поселкесінен Атырау қаласына келе жатқанжәбірленуші К.С.-ның басқаруындағы «КІА RІО» маркалы автокөлігіне соқтығысқан.

Іс бойынша медиациялық келісім бекітілді

08/02/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында талап қоюшы А.Р.-дың жауапкер Т.Д.-дан оқу ақысына алимент сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы А.Р. сотқа берген талап арызында өзінің гуманитарлық техникалық колледжінде ақылы бөлімінде оқитынын көрсетіп, әкесі Т.Д.-дан өзінің пайдасына алимент өндіруді сұраған.

Алдын ала дайындық жүргізу барысында тараптардан дауды медиациялық тәртіпте реттеу туралы келісімді бекіту жөнінде өтініш түскен.