Архив событий

03/02/2017

Сотпен банктік заем шарттың тармағы заңсыз деп танылды

03/02/2017

Талап қоюшы М. банктің  қарыз шартының несиелік қызмет көрсету  үшін комиссияны өндіру туралы бөлігін заңсыз деп тану туралы талабымен  Атырау қалалық сотына жүгінген.

Істі қарау барысында сотпен тартаптар арасында банктік қарыз шартты жасақталғаны, келісім шарттың бір бөлігінде несиелік қызмет көрсету  үшін Банк талап қоюшыдан комиссияны өндіретіндігі көзделгені анықталды.

Атырау қалалық сотының төрағасы тұрғындарды қабылдайды

03/02/2017

Атырау қалалық сотының төрағасы А.Ерманов 2017 жылдың  7 ақпаны күні сағат 15.00-17.00 аралығында соттың ашықтығы мен қолжетімділігін насихаттап, сот жүйесінің беделін арттыру, қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында келушілерге сот төрағасының жеке қабылдауын ұйымдастырып, ашық есік күнін өткізеді.  

Ашық есік күн» сот ғимаратында азаматтарды кабылдау бөлмесінде жүзеге асырылады.

Заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер талқыланды

03/02/2017

Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ғимаратында Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты судьялары Ф.Ансариева мен Б.Хасенованың қатысуларымен семинар өтті.

Аталған семинар Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Заңнама Департаментінің ұйымдастырылуымен Атырау өңіріндегі ірі және орта бизнес субъектілері арасында өткізілді.

Ювенальдық сотта сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыру мақсатында семинар сабақ өткізілді

03/02/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Даулардын жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотка дейінгі реттеу» тақырыбы аясында сот қызметкерлері арасында  семинар сабағы өткізілді.

Күйеу бала мен ене арасындағы жанжал бітімгершілікпен аяқталды

03/02/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108 бабымен азаматша К.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы ісі  қаралды.

Жеке айыптаушы Б. сотқа берген шағымында Құлсары қаласы, 7 ауылда орналасқан үйге жолдасымен сөйлесуге барған кезде енесі К. жолдасы мен екеуінің әңгімесіне себепсіз кіріскенін, үйінен қуып, киімдерін жыртып, үсті-басын тырнап, дене жарақатын салғанын көрсетіп, енесі К.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108-бабымен жауапкершілікке тартуды сұраған.

Есірткі затын заңсыз сақтаған

03/02/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотында сотталушы М.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 2016 жылдың тамыз айында Аққыстау селосына қарасты «Маңғол» елді мекенінің тұсынан малға өсіп тұрған есірткі өсімдігін жұлып, Тұщықұдық селосы, Шарипов көшесіндегі үйіне алып келіп және оны  кептіріп, ауласында орналасқан сарайдың ішінде сақтаған. Сарайды қарау кезінде газет қиындысына оралған кептірілген марихуана есірткі заты табылған, ол есірткі затын сату мақсатынсыз алып, сақтаған.