Архив событий

06/10/2017

Атырау облыстық сотының төрағасы тоғыз айдың жұмысын қорытындылады

06/10/2017

Бүгін Атырау облыстық сотында 2017 жылдың 9 айында облыс соттарымен сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті. Кеңес жұмысына облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың басшылығы мен судьялары, Соттар әкімшісі басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Жылыой аудандық сотында ашық есік күні өткізілді

06/10/2017

Атырау облысының Жылыой  аудандық сотында ашық есік күні өткізілді.

Қабылдауға келген азаматтар сот төрағасы Б.Жұмабаев және судья Ж.С.Аятов қабылдады.

Ашық есік күні шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.