Архив событий

04/10/2017

Әкімшілік сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақтау мәселесі талқыланды

04/10/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Балық ресурстарын қорғау және балық аулау ережелерін бұзу аясында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот төрағасы Ж.Жаксылык әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің сапалы және дұрыс қаралуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың жасақталу сапасына тікелей байланысты екенін, алайда, хаттамаларды және іс материалдарын дұрыс жасақтамау фактілері орын алатынын атап айтты.

Сот еңбек кітапшасындағы қателікті түзеді

04/10/2017

Азамат У.К. Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотына арызбен жүгініп, оның аты қате көрсетілген еңбек кітапшасының өзіне тиесілі екендігі туралы фактіні анықтауды сұраған.

Сот отырысында анықталғандай, 10 наурыз 1975 жылы толтырылған еңбек кітапшасында арызданушының аты қате жазылған. Соның салдарынан, арызданушының еңбек кітапшасындағы көрсетілген аты оның жеке куәлігіндегі көрсетілген атқа сәйкес келмеген.

Қайталап құқықбұзушылық жасағаны үшін жазаланды

04/10/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен азамат Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, азамат Б. бұрын Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 3 жылға көлік құралдарын басқару құқынан айыру жазасы қолданылған.

Алайда, осыған қарамастан, ол «Toyota Camry» маркалы автокөлігін алкогольден мас күйінде басқарған.