Архив событий

24/10/2017

Азаматтық алқа бейнеконференцбайланыс арқылы іс қарады

24/10/2017

Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Концепсиясына сәйкес сот процесіне ақпараттық технологиялар енгізілді. Сот жүйесін жоспарлы ақпараттандыру сот төрелігін жүзеге асыруды жедел ақпараттық-құқықтық қорғауды, істердің қаралу уақытын қысқартуды және сот шешімдерінің орындалу тиімділігін көтеруді қамтамасыз етеді. 

Атырау қалалық сотының судьясы «Заң қуаты» бағдарламасына қатысты

24/10/2017

Атырау қалалық сотының судьясы А.Қаршыға облыстық «Қазақстан-Атырау» телеарнасындағы «Заң қуаты» бағдарламасының тікелей эфиріне «Неке бұзу: дау-дамай мен дәйектер» тақырыбында қатысты.

Бағдарламада судья көрермендерге азаматтық істерді қарауда туындайтын негізгі мәселелерді, заңдылықтарға енгізілген соңғы өзгерістерді, сонымен қатар, сот шешімінің орындалуы туралы айтып өтті.

Тікелей эфирде судья қойылған сұрақтарға нақты жауаптар қайтарды.

Индер аудандық сотында 2017 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

24/10/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында  атқарылған жұмыстардың  қорытындысы  бойынша брифинг өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Д.Тұхфатова, судья А.Құспанов, кеңсе мамандары және «Дендер» газетінің тілшісі қатысты.

Кездесу барысында сот төрағасы Д.Тұхфатова есепті мерзімде сотқа түсіп, қаралған сот істері, матриалдар және олардың қаралуы бойынша статистикалық мәліметтерді жариялады.