Архив событий

30/10/2017

Құрманғазы аудандық сотының төрағасы брифинг өткізді

30/10/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының төрағасы Е.Амангалиев «Серпер» газетінің тілшісі А.Нажимовтың қатысуымен соттың 2017 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Брифинг барысында статистикалық мәліметтер және сот жүйесіндегі заңнамалық жаңашылдықтар жөнінде айтылды.

Атап айтқанда, 2017 жылдың 9 айында сот өндірісіне 790 әкімшілік іс түсіп, оның 788 ісі қаралып аяқталған, 130 іс қысқартылған, істердің қаралу мерзімдері бұзылмаған.