Архив событий

25/10/2017

Атырау облысының жергілікті соттарында кадрлық өзгерістер орын алды

25/10/2017

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы №564 Жарлығымен Нағашыбаев Мейрамбек Ибрагимұлы Батыс – Қазақстан облыстық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып, Атырау қаласының №2 сотының төрағасы болып тағайындалды. Ал бұрын осы сотты басқарған Ташенова Айгүл Қуанышқызы Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Орталық коммуникациялар қызметінде ювеналды соттың жұмысы бойынша брифинг өтті

25/10/2017

Атырау облысының Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтіп, ювеналдық соттың судьясы Ғ.Отарұлы тілшілерге Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 2017 жылдың 6 айында атқарылған сот төрелігі қорытындысы бойынша ақпарат берді.

Судья өз сөзінде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы туралы айтты.

Жылыой аудандық сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу Ережесінің талаптарының сақталуы» тақырыбына семинар өтті

25/10/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу Ережесінің талаптарының сақталуы» тақырыбына семинар өтті

Семинарға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Жаксыгулова және сот қызметкерлері қатысты.

Аудандық соттың жетеші маманы А.Абдигалиева қатысушыларды аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі бойынша пайдаланылған негізгі ұғымдармен таныстырды.

Сот қызметкерлері мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін талқылады

25/10/2017

Атырау  қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісінің м.а. Ж.Даулетьярова Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін талқылау бойынша семинар өткізді.

Семинарда Ж.Даулетьярова Әдеп кодексі мемлекеттік органдарға қоғамның сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметте өзара қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз тәртібі жағдайларының алдын алуға бағытталғандығын атады.

Атырау қалалық сотында «Қазақстан әйелдерінің құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

25/10/2017

Атырау қалалалық сотында «Қазақстан әйелдерінің құқығын қорғау» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді. 

Аталған шараға сот төрағасы А.Н.Ерманов, кеңсе меңгерушісі С.Манасова және сот мамандары қатысты.

Шара барысында кеңсе меңгерушісі гендер - бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы екенін атап өтті.