Архив событий

12/10/2017

Мектеп директорына оқу мекемесінің терроризмге қарсы қорғалуын тиісті дәрежеде орындамағаны үшін айыппұл салынды

12/10/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында орта мектеп директоры Г.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

АІІБ-мен жүргізілген тексеру кезінде Б.Аманшин атындағы орта мектебінің террористік тұрғыдан осал объекті болып табылатын терроризмге  қарсы қорғалу паспортының ажырамас бөлігі болып табылатын жекеленген қосымшасымен рәсімделетін құжаттарының дұрыс рәсімделмегені, яғни Ереже талаптары сақталмағаны анықталды.

Сотта мектеп директоры Г.Б. өзінің жұмысына алаңғасарлықпен қарағанын ішінара мойындады.

Бұрын сотталған қайталап қылмыс жасады

12/10/2017

Бұрын екі рет тонау мен қарақшылық жасағаны үшін сотталған Атырау қаласының тұрғыны Б. көшеде өзінің жолдастарымен келе жатып, сауда үйінің жанында бір азаматты кездестіріп, одан темекі сұраған. Соңғысы оларға темекі ұсынған. Жігіттер арасында әңгіме өрбіп, Б. таныс емес азаматтан ақша талап еткен. Аңғал азамат өзінің қалтасында 10 000 теңге ақшасы барын айтқан. Бұны естіген жолдастар оны қоршап алып, жәбірленушінің қалтасындағы бар ақшасын тартып алған. Артынша оқиға болған жерден бой тасалап, қашып кеткен.

Экономикалық сотта екі ЖШС-тің арасындағы дау татулау келісімін жасақтаумен шешілді

12/10/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сенимди Курылыс» ЖШС-нің жауапкер «ЖасНурKZ» ЖШС-нен 849 947теңге негізгі қарыз, 481 436 теңге тұрақсыздық айыппұлын өндіру және 2016 жылдың 6 ақпанында жасақталған шартты бұзу  туралы талап қою арызы бойынша заматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар татуласу келісіміне қол қойды.

Сот ұйғарымымен татауласу келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Тонауға күдікті адамдар қамаққа алынды

12/10/2017

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы Атырау қаласының екі тұрғынына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Тергеу дерегінше, күдіктілер П. мен А. азамат К.-ның үйіне баса көктеп кіріп, оны ұрып, ашықтан-ашық 95 000 теңге көлеміндегі ақшасын алып кеткен.

Бұл факт бойынша аталған тұлғаларға қатысты ҚК-тің 191 бабы 2 бөлігі  3), 4) тармақтарымен қылмыстық іс қозғалды, яғни олар алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы болып тұрғын үйге заңсыз кірумен бөтеннің мүлкін жымқырған.