Архив событий

16/10/2017

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

16/10/2017

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жарияланған барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі, әңгімелесу өткізу кестесі

 

ТАӘ

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

16/10/2017

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға «Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-нің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі, әңгімелесу өткізу кестесі

 

ТАӘ

Экономикалық сотта ашық есік күні өтеді

16/10/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Рустем Ильянович Жансықбаев 2017 жылдың 17 қазаны күні «Сот кабинеті» сервисінің ақпараттық имиджін қолдау мақсатында, «Сот кабинеті» ұсынатын электрондық қызметтерді қадамдық түсіндіру мен насихаттау мақсатында азаматтарды қабылдайды. Сонымен қатар, ашық есік күні сотқа келушілер сот жүйесі жұмысымен таныса алады.

Ашық есік күні сот ғимаратында азаматтарды кабылдау бөлмесінде сағат 09:00 - ден 13:00 - ге дейін өткізіледі.

Әйелдер киімін тонаушы өз кінәсін мойындады

16/10/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында тонады деп айыпталған Р.Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Р.Т. алкогольден масаң күйде Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылындағы «Құралай» сауда үйіне кірген.

Сатушы Л.У.-дың дүңгіршектен шыққанын бағып тұрып, ілгіштегі әйел адам жемпірін алып, тездетіп дүңгіршектен шығып кеткен.

Қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін жауапкершілік

16/10/2017

Автокөліктегі құқық бұзушылықтар жүргізушінің өзінің және оны қоршаған қозғалысқа қатысты адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіріп, ауыр жағдайларға әкелетін қауіпті әрекет болып табылады.

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен М.К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.                                                    

Енесінің денсаулығына зиян келтірген құқықбұзушы әкімшілік қамаққа алынды

16/10/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында құқықбұзушы  Н.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Н.Т. енесі Г.У.-дың үйіне масаң күйде барып, жанжал шығарған.

Сотта Н.Т. кінәсін толықтай мойындап, жұбайымен татуласып, енесінің үйінде тұрып жатырған балаларын көргісі келгенін айтып, енесінен кешірім сұраған.

Сотта жәбірленуші күйеу баласының кешірімін қабылдамай, оған қатаң жаза тағайындауды сұрады.

Сот жерді босату туралы дау бойынша медиациялық келісімді бекітті

16/10/2017

Аудан тұрғыны Н.А. шаруашылық жүргізу мақсатында қосымша жер телімін беру туралы өтінішімен ауылдық округ әкіміне жүгінген.

Әкімнің шешімімен оған өзінің негізгі жеріне меншік құқығымен қосымша жер телімі бөлініп, арызданушы оны әділет органдарында тіркеткен. Кейін Н.А. құрылыс жұмыстарын жүргізбек болған кезде оның көршісі К.Р. құрылыс жұмыстарының басталуына қарсы болып, көршісіне тиесілі жерін босатпаған.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамаққа алынды

16/10/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азаматша П.Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, П.Н. 2017 жылдың қазан айында Құрманғазы ауданы Кудряшов ауылында жәбірленуші И.-ді боқтап-балағаттап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот отырысында азаматша П.Н. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін көрсетіп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.