Архив событий

31/10/2017

Атырауда мемлекеттік кіріс департаментінің тергеушісі пара алғаны үшін сотталды

31/10/2017

Атырау қаласының №2 сотында Атырау облысы мемлекеттік кірістер Департаменті экономикалық тергеу қызметінің аға тершеушісі А.Ш.-ға қатысты үкім шықты. Тергеу органдары оны мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқаруға қарсы жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін айыптаған.

Атырауда азаматтық және әкімшілік юрисдикция соттарының төрағалары брифингке қатысты

31/10/2017

Атырау облысының Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтіп, оған қалалық сот төрағасы Алмат Ерманов, экономикалық сот төрағасы Рүстем Жансықбаев және әкімшілік сот төрағасы Жасұлан Жақсылық қатысты.

Брифинг барысында спикерлер журналистерге қалалық, экономикалық және әкімшілік соттардың 9 айдағы жұмыс қорытындысы туралы ақпарат беріп, істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселелерге тоқталды.