Архив событий

26/10/2017

Шағын және орта кәсіпкерлік иелерін семинарға шақырамыз

26/10/2017

«Кәсіпкерлікті сотпен қорғау» жобасын іске асыру шеңберінде 2017 жылдың 10 қарашасында жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де бенеконференцбайланыс арқылы Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының судьясы А.К.Ескедировтың қатысуымен «Корпоративтік дауларды шешудің сот тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізу жоспарланған.

Құқықбұзушы Каспий жағалауынан балық аулағаны үшін жауапкершілікке тартылды

26/10/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А. Каспий теңіз жағалауында балық аулауға рұқсат етілмеген ау құралымен балық аулаған. Ол аймақтар Жайық және Қиғаш өзендері арнасымен Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің акваторийі Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағына жатады және ол аймақта балық аулауға тыйым салынған. Құқықбұзушы А. Теңіз инспекциясының қызметкерлеріне ұсталған.

Соттың үкімін орындамағаны үшін сотталды

26/10/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 430-бабының 1- бөлігімен Өзбекстан Республикасының азаматы Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Іс құжаттарынан анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Т. –ға 2016 жылғы 03 қарашадағы Исатай аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне 106 050 теңге айыппұл жазасы тағайындалған.

Жұбайлар медиация арқылы татуласты

26/10/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен М. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  М. өзінің үйінде жанжал шығарып, жұбайы А.-ға былапыт сөйлеген, осыған байланысты жұбайы полиция қызметкерлерін шақырған.

Сотта М. және оның жұбайы А. өзара медиатордың көмегімен татуласқандарын айтып, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

Сот әкімшілік істі медиация тәртібінде қысқартып, М.-ны әкімшілік  жауапкершіліктен босатты.

Қызылқоға аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын ұйымдастыру бойынша семинар өтті

26/10/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлық ‑ қауіпті құбылыс» тақырыбында судьялар мен сот мамандары арасында семинар өтті.

Бас маман А.Сенғали Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып, семинар тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Жалпы конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

26/10/2017

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі:

 

1. Елемесова Гүлдана Саламатқызы – Атырау облысы бойынша соттар әкімшісінің персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің жетекші маманы лауазымына (С-О-6 санаты) – тұрақты орынға;

Талап қоюшының мемлекеттік сатып алудағы жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартылды

26/10/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қалалық құрылыс басқармасы» ММ-нің талап арызы бойынша «Nomad Construction» ЖШС-н мемлекеттік сатып алудағы жосықсыз қатысушы деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотқа талап арыз берудің негізі Атырау қаласының Береке шағын ауданында (8 гектар жер) 45 тұрғын үй салу объектісі бойынша мердігерлік жұмыстарды уақтылы орындамау.

Ресей азаматына бекіре тұқымдас балығының уылдырығын заңсыз тасымалдағаны үшін айыппұл салынды

26/10/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 339-бабымен Ресей Федерациясының азаматы сотталушы М.В.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалған.