Атырау облысы судьяларының атына алғыс хаттардың келіп түсуі жалғасуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж.Бектұрғановтың атына қорғаушы Б.А.Уразовтан және азаматтар А.С.Калабаев және Ж.М.Кереевтен алғыс хаттар келіп түсті.

Бірінші хаттың авторы Б.Уразов Жылыой аудандық сотының судьясы Ж.С.Аятовқа сот отырыстарын жүргізуде мәдениеттілігін көрсетіп, істі жан-жақты және объективті түрде қарап, азаматтық істерді қарау барысында судья әдебі нормаларын сақтағаны үшін алғысын білдіріп, судьямен істі қарау барысында қатысушыларға өз уәждерін дәлелдеуге мүмкіндік берілгенін, олардың процессуалдық құқықтарын шектемегенін көрсеткен. 

Сонымен қатар, ол хатта сот отырысының хатшысы Р.Сисенге алғысын білдіріп, оның қызмет кезіндегі сыпайылығын, коммуникативтік қатсиеттерін және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтайтындығын көрсеткен.

Келесі хаттың авторы А.Калабаев Атырау қалалық сотының судьясы З.К.Тыпыловаға кәсіби шеберлігі, бейтараптылығы, объективтілігі үшін шынайы  алғысын білдірді.

«Барлық судьялармен заң актілері нормаларының сақталуы сот өндірісінің принциптерін сақтауды дұрыс негізде қамтамасыз етеді, азаматтардың санасында олардың құқықтары мен бостандықтары сот билігімен тиісті дәрежеде қамтамасыз етілетіндігіне сенімдерін нығайтады» - деп атап өтті ол.

Үшінші хаттың авторы Ж.М.Кереев Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Б.С.Хасеноваға шексіз алғысын білдіріп, оның кәсіби және адами қасиеттерін атап көрсетті.

«Осындай Ботакуз Хасенова сияқты керемет адамдардың арқасында мен сияқты қарапайым адамдар сот әділдігі бар екеніне көз жеткізеді»  - деді іс бойынша тарап Ж.Кереев.

Тағы бір хатты автор Жылыойлық жергілікті «Кең Жылыой» газетіне жариялап, онда азамат Л.Ербулатов аудандық сотың судьясы А.Ш.Асаловқа   әділ шешім шығарғаны үшін алғысын білдірген.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі