Ср, 11/10/2017 - 16:33
Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат Т.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжатарына сәйкес, құқықбұзушы Т.Ж. Махамбет ауылында көше бойында келе жатып, жерге темекі қалдығын лақтырып, ортақ пайдаланатын орынды ластап, ұсақ бұзақылық жасаған.
Сот отырысында азамат Т.Ж.-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындау жауабымен қатар, іс бойынша жинақталған құжаттармен өз дәлелін тапқан.
Сот қаулысымен азамат Т.Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.