Архив событий

04/07/2016

Сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру. Соттағы жаңа технологияларды нығайту

04/07/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында аудандық соттың төрағасы Б.Қадырғалиевтың төрағалық етуімен «Сот жүйесі       инстанцияларын оңтайландыру. Соттағы жаңа технологияларды нығайту»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін екі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

04/07/2016

Атырау қалалық соты мамандандырылған емдеу профилактикалық мекемеге алкоголизммен ауыратын науқасты мәжбүрлеп емдеуге жіберу  туралы азаматтық істі қарау кезінде, Т-ні әкімшілік жауапкершілікке тартты.    Cот отырыс залында құқық бұзушы Т. бірнеше рет сөздерін үзіп, процесстің басқа да қатысушыларының пікірлерін талқылап отырды, сот отырысында төрағалық етушінің ескертулеріне құлақ аспады, осылайша төрағалық етушінің сот мәжілісінде айтқан өкімдеріне бағынбай, сотта белгіленген ережелерді бұзды.

Қызылқоға аудандық сотында татуласу келісімін қолданумен қаралған істер саны артып келеді

04/07/2016

Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы Ж.Ж. жауапкер К.С.-дан  қарыз ақша және моралдық шығын өндіру туралы  талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Ж.Ж. сотқа берген талап арызында, жауапкер К.С. өзінің  дүкенінен 26 850 тенгеге киім алып ақысын төлемей жүргенін, осы қарызды және екі жылдан бері төлемегені үшін моралдық зиян ретінде жауапкерден жалпы 60 000 тенге өндіруді сұраған.

Сотпен жесірдің құқықтары қорғалды

04/07/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында талап қоюшы Г.К. жауапкер А.А. –дан жол көлік оқиғасы салдарынан келтірілген 3 000 000 теңге моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісін қарады.