Архив событий

26/07/2016

Атырау облыстық сотында «Татуластыру рәсімдері» және «ҚР Жоғарғы Соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары талқыланды

26/07/2016

Атырау облыстық сотының Оқу орталығында «Татуластыру рәсімдері» және «ҚР Жоғарғы Соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Индер аудандық соты көшпелі ашық есік күнін өткізілді

26/07/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотымен Елтай, Есбол селолық округтерінде сот билігіне халықтың сенімін нығайту, татуластыру рәсімдерін қолдануды насихаттау шараларын ұйымдастыру мақсатында көшпелі  «Ашық есік күні» өткізілді.

Азаматтарды қабылдауды сот төрағасы Д.Тұхфатова жүзеге асырды.

Аудандық соттың мамандарынан, прокурорлардан, сондай-ақ, ауылдық округінің әкімдерінен,  кәсіби емес медиаторлардан құралған мобильдік топпен кездесуге  30-дан астам азамат ниет танытты.

«Соттардың бала асырап алу туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысындағы өзгерістер талқыланды

26/07/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Б.Жұмабаевтың төрағалық етуімен  дөңгелек үстел   өткізілді.

Дөңгелек үстелге аталған сот судьялары және Атырау қалалық білім бөлімінің, қамқоршы және қорғаншылық бөлімінің өкілі Н.Сабитов, Атырау қала прокурорының өкілі А.Қуанов қатысты.

Исатай аудандық сотының төрағасы азаматтарды қабылдады

26/07/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотының төрағасы А.Мағзомова азаматтарды қабылдады.

Қабылдауда Улданов Қисметолла болып, сот шешіміне апелляциялық шағым білдіру туралы сауалдармен жүгінді.

17 маусым 2016 жылғы соттың шешімімен талап қоюшы К.Улдановтың жауапкер Т.Хайрушевтан сиыр малын алып беру туралы талап арызы қанағаттандырудан бас тартылған. Талап қоюшы осы соттың шешіміне апелляциялық шағым келтіру мерзімін өткізіп алған.

Қылмыстық –процестік кодексінің нормаларын қолдану тәжірибесі талқыланды

26/07/2016

Атырау қаласының №2 сотында қысқартылған тәртіппен сот талқылауын жүргізу бойынша сот тәжірибесі талқыланды.

Қысқартылған тәртіппен өтетін сот талқылауы 10 күн ішінде аяқталады, онда тек сотталушы мен жәбірленуші жауапталып, ол сот жұмысының уақытын үнемдеуге әсерін тигізеді.

Шара көліктегі, жол шаруашылығындағы құқық бұзушылыққа арналды

26/07/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға аталған сот судьялары, Атырау облысының ІІД ӘПБ басшысының орынбасары полковник М.Утегалиев, Атырау облысының ІІД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің басшысы подполковник Д.Жупкалиев, Атырау қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы майор Н.Елубаев, ӘҚБтК-нің 596, 608, 610, 611 - баптары бойынша хаттама толтыратын Атырау облысының ІІД ӘПБ инпекторлары қатысты.

Ювеналды сот кәсіпкерді жауапкершілікке тартты

26/07/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасы кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз ойын–сауық мекемелерінде болуына жол  берген, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы жеке кәсіпкер К.Ауесоваға қатысты әкімшілік іс  қаралды.