Архив событий

20/07/2016

Қызы әкесімен, ұлы анасымен тұратын болды

20/07/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған А.Ж.-ның балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы азаматтық ісі бойынша тараптар медиациялық тәртіпте келісімге келді, келісімге сәйкес 2013 жылы туылған қыз бала әкесімен, 2015 жылы туылған ұл бала анасымен бірге тұрады, ал баласынан бөлек тұратын ата-ана балаларымен қалаған уақытында  кездесуіне кедергі келтірмейді деп келіскен.

Сот медиациялық келісімді бекітті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы дау медиациялық тәртіппен шешілді

20/07/2016

Атырау қалалық сотында талап қоюшы Ж.Жанбырбаевтың жауапкер М.Джаксигалиеваға жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар медиациялық келісім бекітіп, келісімге сай жауапкер талап қоюшыға 344 000 теңге келтірілген шығынды төлеуге міндеттенеді, ал талап қоюшы талап қою арызынан бас тартады.

Сотпен медиациялық келісім бекітілуіне байланысты азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Құқық бұзушының субъектісі дурыс анықталмаған

20/07/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200 бабының 3 бөлігімен азаматша К.Ш.-ға қатысты әкімішілік іс қаралды.

2016 жылдың маусым айында түнгі сағат 23.30-да азаматша К.Ш.-ға қатысты «Өте жақсы» алкогольдік ішімдігін сатқаны үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған.Алайда, сот отырысында анықталғандай, К.Ш. әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасамаған, себебі, алкоголь өнімін оның қызы сатқан.

Тараптар арасындағы дау татуласу келісіммен аяқталды

20/07/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Казком Трейдинг» ЖШС-нің «Атаба» ЖШС-нен 68 454 902 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Алдын ала сот отырысында тараптар татуласу келісімін жасасты. Келісім шарттары бойынша жауапкер талап қоюшыға 2016 жылдың 1тамызына дейін 68 454 902 теңге қарыз сомасын және өкілдің көмегі үшін төленген 452 286 теңгені төлеуге  міндеттенеді, талап қоюшы жауапкерге сотта қойған талабынан бас тартады.