Архив событий

13/07/2016

Атырауда алты рет ұрлық жасап, екі көлікті заңсыз айдап кеткен жасөспірімдерге қатысты қылмыстық іс қаралды

13/07/2016

Сотта анықталғандай, 2015 жылы қазан айында Қ. кәмелет жасқа толмаған Т. екеуі жеке шаруаларымен Тасқала-2 поселкесіне келіп,сол маңдағы үйлердің бірінің ауласында тұрған «Deowoo Matiz» автокөлігін көріп, айдап кетеді.Дәл осындай әрекетті қараша айында да қайталап,  кәмелет жасқа толмаған Т. «ВАЗ 2104» автокөлігінің есігі ашық тұрғанын байқап, екеуі көлікті айдап кетеді. Бірақ көліктері от алмай өшіп қалғасын, жол ортасында тастап қашып кеткен.

Атырауда Түркия азаматын тапаншамен атып, тонаған қарақшы сотталды

13/07/2016

Атырау қаласының №2 сотында Түркия елінің азаматын тонаған қарақшыға қатысты қылмыстық іс қарады.   

Сотта анықталғандай, Р.Косакбаев 2016 жылы 8-ші ақпанда  кешке қарай, белгісіз тұлға екеуі беттерін бетпердемен тұмшалап, Атырау қаласы, Көшім өткелі бойындағы үйдің қасында тұрған түрк азаматы Н.К.-нің автокөлігіне мініп жатырғанын көріп,  мойнынан  электрошокер құрылғысымен ұрып, жерге құлатады. Онымен қоймай, аяғынан тапаншамен бірнеше рет атып, машинаға  салып алып қала  сыртына алып шығады.

Менторлық уақыт іс жүзінде

13/07/2016

Жаңадан тағайындалған судьяларға тәжірибелік көмек көрсету мақсатында, барлық аудандық және оған теңестірілген соттарда, оның ішінде Индер аудандық сотында менторлық бағдарлама өз жұмысын атқаруда. Аталған бағдарлама жаңадан тағайындалған судьяларға, тәжірибесі мол судьялардың оларға көрсететін көмегі мен кеңесі болып табылады.

2016 жылдың 1-ші жартыжылдығы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

13/07/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында ҮЕҰ-ның, «Нұр Отан» партиясының, прокуратура, БАҚ-ның өкілдерінің және де судьялар мен мемлекеттік қызметкерлердің қатысуларымен 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Шара сот жұмысының 1-ші жартыжылдық қорытындысы және Елбасының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылауға арналды.          

Қызылқоға ауданында бидай ұрлықшысы бас бостандығынан шектелді

13/07/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында күдікті Ә.Е.-ге қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігіне сай процестік келісіммен түскен қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарынан көрінгендей, сотталушы Ә.Е. бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында Миялы селосы, «Тұяққали» елді мекенінде орналасқан «Думан» шаруашылық қожалығының меншігіндегі 4 қап жемді танысына сатып жіберген. Сонымен қатар, 5 қапқа салынған сұлы бидайын жасырын ұрлап, жәбірленуші И.Ж.-ға жалпы құны 27 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Жылыой аудандық сотында «Дыбыс-бейне жазу жүйесін сот отырыстарында қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

13/07/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында «Сот отырысында дыбыс-бейне жазбасын қолдану» тақырыбында  семинар өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі мен  бас маман-сот мәжілісінің хатшылары қатысты.