Архив событий

12/07/2016

Сотқа ризашылықтарын білдірді

12/07/2016

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж.Бектұрғановтың атына «Транстелеком» АҚ Атырау филиалының Басқарушы директоры Р.К.Чердабаевтан Алғыс хат келіп түсті.

Атырауда жалған терроршы сотталды

12/07/2016

Атырау қаласының №2 соты қала шеткейіндегі «Геолог» поселкесінің тұрғынына қатысты терроризм актісі туралы жалған хабар бергені үшін үкім шығарды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында 30 жасар жігіт мас күйде, полицияға хабарласып, «Геолог» поселкесіндегі автобус аялдамаларының біріне жарылғыш заттың қойғанын айтқан. Арнайы жасақ саперлері тексеру барысында жарылғыш зат анықталмады,  тез арада жалған терроршы  құрықталды.

Медиация - тараптардың ерікті шешімі бойынша дауды шешу рәсімі

12/07/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ажырасқан  ата - ананың балаларының  тұрғылықты  жерін  анықтау  туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта дауды татуластыру рәсімі тәртібімен реттеу құқығы тараптарға түсіндірілген соң, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беріп, медиациялық келісімді бекітуді сұрады.

«ЮКО Консалтинг» ЖШС-гі мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылды

12/07/2016

Атырау облысынының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Атырау қаласы әкшілігінің "Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы», «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің "Атырау Су Арнасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының «ЮКО Консалтинг» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы және 77 614 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Мақат аудандық сотында брифинг өткізілді

12/07/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында сотта қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді.

Брифингті Мақат аудандық сотының төрағасы М.Искаков өткізді.

Брифингке «Мақат тынысы» газетінің тілшісі Л.Нурбаева қатысып, өткізілген шара барысында сот төрағасы М.Искаков Қазақстан Республикасының ҚК-нің 420 бабы 1 бөлігімен айыпталған азамат Д. қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша мәлімет берді.

Аяқталмаған жұмыс үшін 120 000 теңге өндіру туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды

12/07/2016

«Мұнай Автоматика Сервис LTD» ЖШС-гі жеке кәсіпкер А.Ембергеновадан аяқталмаған жұмыс үшін 120 000 теңге өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінді.

Талап қоюшы өз талап арызында жауапкермен 2015 жылдың 27 наурызында «160 орындық бала бақша құрылысы» объектісіндегі құрылыстық-монтаждық жұмыстар жүгізу жөнінде мердігерлік шарты жасалғандығын көрсетті. Шартқа сәйкес мердігерге берілген жалпы ақша 1 079 200 теңгені құрайды.