Архив событий

14/07/2016

Жалпы конкурс бойынша комиссия шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттар

14/07/2016

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс бойынша комиссия шешімімен оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі:

 

1. Аманкелдина Мәдина Саламатқызы - Атырау қалалық соты кеңсесінің сот приставы лауазымына (С-R-5 санаты) – тұрақты орынға;

2. Адирова Парасат Бауыржанқызы – Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңсесінің жетекші маманы лауазымына (С-R-5 санаты) – тұрақты орынға;

Қорғау нұсқамасын бұзған құқық бұзушы әкімшілік қамаққа алынды

14/07/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша құқықбұзушы Н.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Н.Ж. отбасы тұрмыстық қарым - қатынастағы қарындасы Ж.-ға былапыт сөздермен тілдеп, сыйламаушылық білдіріп,бұдан бұрын жанұя тыныштығын бұзып, 2016 жылғы  2-ші шілдедегі аудандық ішкi iстер бөлімі шығарған қорғау нұсқамасын бұзған.

Алдын-ала жасақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама

14/07/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461-бабымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған В.Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Полиция аға лейтенанты С.К.-мен толтырылған хаттамаға сәйкес, В.Н. 2016 жылғы 8 мамыр күні сағат 22.00-дер шамасында 2016 жылдың 25 қаңтарында  тәртіп талаптарын бұзып, шу-төбелес шығарған. Кейін анасы Е.Н. баласы В.Н.- ды мәжбүрлеп емдету жөнінде арызбен шағымданған.

Пәтер иелері кооперативіне қарыз сомасы қайтарылды

14/07/2016

Атырау облысынының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Бірлік» пәтер иелерінің тұтыну кооперативінің «Нұрекешова Орынбала» жеке кәсіпкерінен 113 540 теңге өндіру туралы талап арызбен қозғалған азаматтық ісі қаралды.

«Бірлік» пәтер иелерінің тұтыну кооперативі өз талап арызында жауапкердің Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңының 50-бабын, яғни үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнiң кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуы нормасын орындамайтындығын көрсетті.

Сот талапкердің құқығын қорғады

14/07/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында талап қоюшы Б.И.-ның бұрынғы жұмысына қайта орналастыру және бос жүрген күндеріне еңбек ақысын өндіру жөніндегі талап арызы қаралды.

Талап қою арызы қанағаттандырылған жоқ

14/07/2016

«Теміржол құрылыс-Атырау» ЖШС-гі «AST Азия-спецтехника» ЖШС-нен 31 479 524 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінді.

Талап қоюшы өз талап арызында жауапкердің 2015 жылдың 28 қыркүйектегі сатып алу-сату келісім-шарты бойынша міндеттемелерді орындамағандығын, яғни 30 168 748 теңге көлеміндегі тауар ақшасын және 2015 жылғы 15 қыркүйектегі жеткізілген тауар үшін 1 310 776 теңге төлемегендігін көрсетті.