Архив событий

08/07/2016

Дауласушы тараптар сотта татуласты

08/07/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында дауласушы тараптар арасында татуласу келісімі жасақталып,  соған байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сотпен талап қоюшыға талап қою арызын сотқа беру үшін төленген 63 279 теңге мемлекеттік баж сомасы толықтай қайтарылды.

Жеке кәсіпкер Ж.Жумагалиев «Атырау Вита Сервис» ЖШС-нен 2 710 075 теңге және айыппұл 3 617 850 теңге өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінді.

Автокөлікті алкогольден масаю күйінде басқарғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылды

08/07/2016

Құқықбұзушы К.Е. 2016 жылдың маусым айында Мақат поселкесіндегі автокөлік жолының бойында «Volkswagen Polo» маркалы көлік құралын басқарып келе жатып, жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.

Құжаттарын тексеру барысында жүргізушіден алкогольдік ішімдік ішкені сезіліп, ол медициналық мекемеге куәландыруға жеткізілген.

Жүргізілген медициналық куәландыру қорытындысы бойынша К.Е. «орта» дәрежеде алкогольден масаю күйінде болғаны анықталған.        

Дау татуласу рәсімін қолданумен реттелді

08/07/2016

«Каспий Лимитед»ЖШС-гі А.Розинов жеке кәсіпкерінен 3 003 796 теңге және айыппұл 115 450 теңге өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінді.

Алдын ала сот отырсында тараптар татуласу келісімін жасасты.

Келісім шарттары бойынша жауапкер талап қоюшыға 3 003 796 теңге төлеуге міндеттенеді. Талап қоюшы жауапкерге сотта қойған талабынан бас тартады.