Архив событий

01/07/2016

Ата-ана арасындағы дау медиациялық келісіммен шешілді

01/07/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында некелері бұзылған жұбайлардың   арасында  кәмелетке  толмаған  балаларымен кездесу уақытын анықтау туралы даулар саны 25  іске  жетіп отыр.

Судьялармен кәмелетке толмаған балаларға зиян келмейтіндей, олардың ата-аналарын татуластыру жұмыстары жүргізілуде, кейбір тараптар  өз ашуларын жеңіп, өздеріне де тиімді болу үшін кәмелетке толмаған балаларының мүдделерін ойлап, келісімге келіп жатады.

Отбасы сақталып қалды

01/07/2016

 Талап қоюшы И.А.жауапкер К.Э.-мен араларындағы некені бұзу туралы сотқа арыз берген. 

Сот талқылауын дайындау барысында тараптар істі қарап жатқан судьяның медиация өткізуіне өтініш жасап, нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеді.

Toyota автокөлігі электр жүйесі бағанасына соқтығысқан

01/07/2016

 Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігімен құқықбұзушы Е.Б.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Е.Б. 2016 жылдың мамыр айында «Toyota Hiace» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, Махамбет ауданы, Алға ауылындағы электр жүйесібағаналарының біріне соқтығысқан. Кейін, ішкі істер органдарына хабарламастан, жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Отағасы отбасы тыныштығын бұзғаны үшін сотты болды

01/07/2016

Атырау облысы Индер аудандық сотының қаулысымен азамат К.А  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылды.

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың маусым айында К.А арақ ішкен мас күйінде, жолдасы А.А.-ны боқтап-балағаттап ар-намысына тиетін сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзған.

Сот отырысында  К.А. өз кінәсін толықтай мойындады. Жәбірленуші сотта оған кешірім бермейтінін айттын. Өйткені бұл жиі қайталанып жүрген жағдай, сол себепті заңға сәйкес қатаң жаза қолдануды сұраймын деді.