Архив событий

28/07/2016

Жауапкердің жүкті болуына байланысты сот неке бұзудан бас тартты

28/07/2016

Атырау қалалық сотымен К.Н.-нің жауапкер А.Т.-ға неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.  

Сот отырысында К.Н. мен А.Т. 3 маусым 2008 жылдан бастап заңды некеде тұратыны, некеден ортақ екі кәмелет жасқа толмаған балалары бар екені, жауапкердің 29 апталық жүктілікте екені анықталды.

Жауапкер А.Т. 29 апталық жүктілікте болуына және оның некені бұзуға келісімі болмауына байланысты сот К.Н.-нің жауапкер А.Т.-ға неке бұзу туралы арызын қанағаттандырусыз қалдырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.