Архив событий

19/07/2016

Атырау қалалық соты жартыжылдық жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

19/07/2016

Атырау қалалық сотының төрағасы А.Ерманов өткен баспасөз-конференциясында соттың 2016 жылдың 6 айлық жұмысын қорытындылады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау қалалық сотына 5547 арыз түскен,3552 арыз өндіріске қабылданды, 4709 азаматтық іс қаралып аяқталды (2015 жылғы 6 айында - 5472), былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 763 іске немесе 14% азайған, 2691 азаматтық іс бойынша шешім шығарумен аяқталған (2015 жылғы 6 айында - 3216).

Сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері талқыланды

19/07/2016

Бүгін Атырау қалалық сотында судьялардың қатысуымен жедел мәжіліс өткізілді.

Жедел мәжілісте Атырау қалалық сотының төрағасы А.Ерманов сот отырыстары бірнеше мәрте кейінге қалдырылып қаралған азаматтық істер бойынша сөз қозғап, кейінге қалдыру негіздерін талқылап, судьяларға оның алдын алу және сот отырыстарын себепсіз кейінге қалдырмау жөнінде тапсырма берді.

Басбұзар ініге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

19/07/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін Р.Кадыровқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Р.Кадыров 2016 жылдың шілде айында масаң күйде туған інісі Д.Кадыровты балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, өлтіремін деп қорқытып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіп, тыныштығын бұзған. 

Жылыой аудандық сотында семинар өтті

19/07/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында «Әкімшілік материалдарды  рәсімдеу және олардың сотта қаралуы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға аудандық соттың төраға міндетін атқарушы Ж.Аятов, аудандық сот судьялары, прокурор көмекшісі К.Ивашкина және Жылыой аудандық ІІБ-нің учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Аталған шарада әкімшілік істерді қарауда кездесетін күрделі мәселелер қарастырылды.

Алимент өндіру туралы дау медиациялық тәртіппен шешілді

19/07/2016

Атырау қалалық сотымен азаматтар арасында медиация институтын қолдануды кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Сот отырысын өткізу барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы жан-жақты түсіндіріледі.              

Талап қоюшы М.Ж.-ның жауапкер А.С.-ға алимент өндіру туралы азаматтық іс бойынша тараптар сотта өздерінің құқықтарын қолданып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты медиациялық келісім бекіту үшін сотқа ұсынды.