Архив событий

29/07/2016

Атырау қалалық сотында бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу өтті

29/07/2016

Атырау қалалық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша сот жүйесінің дамуының негізгі басымдықтарын түсіндіру және сот органдарының ақпараттық ашықтығын жетілдіру болып табылды.

Атырауда түзеу колониясының қызметкеріне күш қолданған сотталған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

29/07/2016

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы 2016 жылдың 27 шілде күні сотталған әйелдердің түзеу мекемесінде өткен көшпелі сот отырысында сотталған И.-ді екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Сотқа дейінгі тергеу органымен И., УГ-157/11 түзеу мекемесінің қызметкеріне жеңіл дене жарақаттарын келтірген деп күдіктенуде. Сотталған  осы мекемеде өзінің 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатырған.

43 жылдан кейін өз еркімен әкелікті мойындады

29/07/2016

Атырау қалалық сотымен П-ныңжауапкер Г.-ге әкелікті тану туралы азаматтық ісі қаралды.  

Талап қоюшы П. жауапкерге әкелікті тану туралы сотқа талап арыз жолдап, онда өзінің некеден тыс туылғанын, тегі анасыны тегі екенін, анасының тірі кезінде әкелікті танымағанын, өзінің биологиялық әкесі Г-ні танитынын көрсетіп, соттан жауапкерді әкесі деп тануды сұраған.

Сот отырысына әкесі Г. қатыспаған, алайда өкілі арқылы өзін әкесі ретінде тануға қарсылығы жоғын білдірген.

Медиация кеңінен насихатталуда

29/07/2016

Кезекті татуластыру рәсімдерін қолдануды насихаттау бойынша Атырау облысының Жылыой аудандық сотымен көптеген бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Аудандық соттың бастамасымен және жергілікті әкімдіктің қолдауымен  ауылдық округтерде медиация кабинеттері ашылып, көрнекі құралдармен жарақтандырылды. Судья және медиаторлармен тұрғындар  арасында дауларды медиация жолымен реттеу сұрақтарын насихаттау бойынша түсіндірме жұмыстары  жүргізілуде.

Атырауда сот шешімімен 30 интернет-казино сайтының жұмысы тоқтатылды

29/07/2016

Атырау қалалық сотымен Атырау қалалық прокурорының интернет ресурстарында жарияланған интернет-казино өнімдерін заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.  

Сот отырысында қазақстандық қолданушыларға қолжетімді болып келетін интернет-ресурстарына  «Frank-cazino» онлайн казиносы орнатылған 30 сайт бар екендігі, аталған онлайн казиноларда бірнеше құмар ойындарын ұтыс ала отырып ойнауға болатыны анықталды. («Зеро» рулеткасы, блэкджек, покер)

Құрманғазы ауданында заңсыз алкоголь өнімдерін сатқан жеке кәсіпкерге айыппұл салынды

29/07/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 282-бабының 3-бөлігімен  құқықбұзушы К.А.-ға қатысты әкімшілік  іс қаралды.

Құқықбұзушы К.А. өзі жеке кәсіпкер бол тұра, өз дүкенінде арнайы ілеспе жүкқұжаттарынсыз алкогөль өнімдерін сақтап, сатқан.

Мемлекеттік кірістер басқармасы инспекторларымен жүргізілген тексеру барысында аталған дүкенде жалпы сомасы 22 620 теңге тұратын заңсыз алкоголь өнімдері табылған.

Телефон арқылы тіл тигізгені үшін айыппұл салынды

29/07/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің434 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы М.Қ.-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы М.Қ. 2016 жылдың маусым айында жәбірленуші М.Л.-ның ұялы телефонына қоңырау шалып, ешбір себепсіз балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан, яғни жеке тұлғаның тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.