Архив событий

18/07/2016

Сот тараптарды татуласуға келтірді

18/07/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеке кәсіпкер Б.Медуованың жеке кәсіпкер Д.Куановадан 1 820 000 теңге қарыз сомасын және риэлторлық қызмет үшін 350 000 теңге өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Ажырасқан отбасылар саны азаюда

18/07/2016

Атырау қалалық сотымен неке бұзу санатындағы істерге қатысты дауды шешудің татуластыру әдістері кеңінен қолданылуда, себебі татуластыру рәсімдері отбасын сақтау және кәмелетке толмаған балалардың толық отбасында өмір сүруіне ықпал етеді.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында Атырау қалалық сотында 70 ерлі-зайыптылар медиациялық келісіммен, 12 отбасы бітімгершілік келісіммен, 1 отбасы партисипативтік келіссіммен, яғни барлығы 83 отбасы татуласып, отбасын сақтап қалған. Оның ішінде кәмелетке толмаған балалары бар 79 отбасы татуласқан.  

Сот бұйрығын шығару туралы арыз кері қайтарылды

18/07/2016

«Сункар Секьюрити» Күзет фирмасы» ЖШС-гі «Толлан Сервис» ЖШС-нен 3 677 754 теңге өндіру бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызымен сотқа жүгінді.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен Сункар Секьюрити» Күзет фирмасы» ЖШС-нің «Толлан Сервис» ЖШС-нен 3 677 754 теңге өндіру бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызы, қосымша құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылды.

Ішкі істер органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамауы, 1 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыруға әкеп соқтырды

18/07/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы И.Н.-ға қатысты әкімішілік іс қаралды.

Жұбайын балағаттап, ескерту алды

18/07/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Ш.К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы К.Ш. 2016 жылдың мамыр айында өзінің үйінде, алкогольдік мас күйде, жұбайы Ж.Ж.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, отбасы тыныштығын бұзған.   

Сот, істің мән-жайларын зерттеп, Ш.К.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған ескерту жасады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.