Архив событий

15/07/2016

Тараптардың өкілдері партисипативтік келісімге келді

15/07/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында талап қоюшы У.Б. жауапкер «Доларо (Оверсиз)» ЖШС-не бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, бос жүрген күндеріне еңбекақысын және моральдық өтемақыны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптардың қорғаушылары Ж.Казиева мен И.Еңсепов  дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім негізінде сотқа өтінішхатпен жүгінді.

Еңбек заңнамасының бұзылуына байланысты сотпен жұмысшының еңбек ақысы өндірілді

15/07/2016

Атырау қалалық сотымен талап қоюшы Т.Д.Утарбаевтың жауапкер «А.Ж.» ЖШС-не еңбек ақы өндіру туралы азаматтық  ісі қаралды.

Сот отырысында 06 мамыр 2014 жылмен 13 шілде 2015 жыл аралығында Т.Д.Утарбаев жұмыс берушіде механик қызметінде жұмыс атқарғаны, жұмысшының атқарған жұмыс кезеңі үшін жұмыс берушімен 535 027 теңге еңбек ақы төленбегі анықталды.

Атырауда Стамбулдан бағалы бұйымдар тасымалдаған контрабандашыны сотталды

15/07/2016

Атырау қаласының №2 сотында аса ірі мөлшерде экономикалық контрабанда жасады деп айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

2015 жылдың қараша айында Н.Чалимбаев пайда табу мақсатында Түркиядан алтын және күмістен бағалы бұйымдар сатып алып, елге әкеліп сатуды көздеген. Өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында ол тергеумен анықталмаған, оларға қатысты қылмыстық іс материалдары бөлек өндіріске бөлектетілген адамдармен алдын ала сөз байласады.

Борышты өндіру туралы дау медиациялық тәртіппен шешілді

15/07/2016

 Атырау қалалық сотымен дауды (жанжал) шешудің балама әдістері кеңінен қолданылуда. 

 Сотта тараптар талап қоюшы «Ұйымшыл» ЖШС-і  жауапкер И.Абулгазиев өздерінің құқықтарын қолданып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты медиациялық келісім бекіту үшін ұсынды.

Медиация тәртібімен қылмыстық іс өндірістен қысқартылды

15/07/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 149-бабының 2-бөлігімен сотталушы М.С.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Cотта анықталғандай, сотталушы М.С. 2016 жылдың маусым айының 13-нен 14-не қараған түні алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде Құрманғазы ауданы Асан ауылдық округіндегі  тұрғын үйдің жанына келіп, осы тұрғын үйдің есігін тартып бұзу арқылы, онда тұратын Г.Д-ның еркінен тыс заңсыз басып кірген.

Айыппұл жазасы қоғамдық жұмыстарға тарту жазасымен ауыстырылды

15/07/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Исатай аумақтық сот орындаушысы А.Аудановтың Е.Сарсеновке тағайындалған айыппұл жазасын қоғамдық жұмыстарға тарту жазасымен ауыстыру туралы ұсынысы қаралды.

Е.Сарсенов Исатай аудандық сотының 28 қазан 2015 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен  кінәлі деп танылып, оған айыппұл жазасы тағайындалған. Алайда Е.Сарсенов айыппұл төлеуден қасақана жалтарып, соттың үкімін орындамаған.

6 жылға автокөлікті басқару құқығынан айырылды

15/07/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотының қаулысымен құқықбұзушы Т.К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 6 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Медиация тәртібімен қылмыстық іс өндірістен қысқартылды

15/07/2016

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 149-бабының 2-бөлігімен сотталушы М.С.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Cотта анықталғандай, сотталушы М.С. 2016 жылдың маусым айының 13-нен 14-не қараған түні алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде Құрманғазы ауданы Асан ауылдық округіндегі  тұрғын үйдің жанына келіп, осы тұрғын үйдің есігін тартып бұзу арқылы, онда тұратын Г.Д-ның еркінен тыс заңсыз басып кірген.