Архив событий

25/07/2016

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

25/07/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2016 жылдың 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.

Конференцияны сот төрағасы  Б.Жаманбаев ашып, жүргізіп отырды. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты өндірісіне 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында барлығы 1 355 талап арыз, 14 азаматтық іс келіп түскен.

1 273 талап арыз бойынша азаматтық іс қозғалып, барлығы 1 264 азаматтық іс аяқталды.

Атырауда әскери бөлімнің рота командирі жұбайын өлтірді деп күдіктенуде

25/07/2016

Атырау қаласының №2 сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ұлттық гвардиясының №5546 әскери бөлімінің рота командирі екі ай мерзімге қамаққа алынды.

Тергеу дерегіне сәйкес, 30 жасар күдікті мас күйінде,  жалға алып тұрып жатырған пәтерде жұбайымен келіспеушілікке келіп,  оны ұрып-соққан. Алынған соққылардың салдарынан жәбірленуші оқиға орынында қаза болды.

Атырауда алаяқ сыныптасына пәтер алып беремін деп алдап кеткен

25/07/2016

Атырау қаласының №2 сотымен ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1) тармағымен көзделген қылмыстық әрекетті жасағаны үшін айыпталған С.К.Кенжиевке қатысты қылмыстық іс қаралды. С.К.Кенжиев өзінің сыныптасына «Нұрсая» ықшам ауданынан үш бөлмелі пәтерді 10 000 АҚШ долларына алып бере аламын деп сеніміне кірген. Еш жерде жұмыс жасамайтын С.К.Кенжиев өзінің берген уәдесін орындай алмайтындығын алдын-ала біле тұра, жәбірленушіден ақшасы алып, қайтармаған.

Аталған қылмыс ауыр қылмыстардың санатына жатады.

Жол-көлік оқиғасымен байланысты қылмыстық істің қаралуы медиациялық келісіммен аяқталды

25/07/2016

Атырау қаласының №2 сотымен ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен айыпталған азамат К.М.Юсуповқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат Юсупов К.М. Жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыпталған, яғни екінші жолдан Бергалиев көшесіндегі бас жолға түсіп «Лада 21901» маркалы автокөлігіне жол бермеген, салдарында аталған автокөлікпен қақтығыс жасаған.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде «Лада 21901» маркалы автокөлігінде отырған жолаушы орта дәрежелі дене жарақаттарын алған.

Отбасының берекетін бұзған

25/07/2016

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы Б.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Б.Ж. тұрғын үйінде алкогольден масаң күйінде отбасы  тұрмыстық қатынастағы қарындасы Б.Ж.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт  сөйлеп  балағаттап, отбасының тыныштығын бұзған.

Сотта құқықбұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды, ал жәбірленуші құқықбұзушыға қандай да болсын шара қолдануды сұрады.

Сот әкені баласын тәрбиелеу туралы міндетін орындамағаны үшін жазалады

25/07/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігінде  көзделген, яғни баласының тәрбиесімен айналыспай, ішімдік ішіп, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған әкеге қатысты әкімшілік істі қарады.