Архив событий

11/07/2016

Тәлімгерлік сағат

11/07/2016

Қазақстан Республикасының 2012-2016 жылдарға арналған соттың қалыптасу стратегиясына сәйкес, судьялық тәлімгерлікті дамыту мәселесіне көңіл бөлінген.

Сот жүйесіндегі тәлімгерлік – тәжірибелі маман өз тәжірибесімен бөлісіп, тәжірибесі аз маманға судьялық біліктілігі мен қасиетін дамытуға, судья кәсібіне бейімделуге көмектесетін тәжірибелі маман мен тәжірибесі аз маманның қарым-қатынасы.

Атырау облыстық сотының ғимаратында барлық тәлімгер-қамқорланушы жұптарының кездесуі өтті.

Жалпы конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

11/07/2016
Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі
 
1. Хайруллина Дарига Утепбергеновна
2. Аманкелдина Мәдина Саламатқызы

Атырауда бұрынғы әйелін өлтіріп, өзіне қол жұмсаған азамат құрықталды

11/07/2016

52 жасар Атырау қаласының тұрғыны Б.С. 4 шілде күні таңертен бұрынғы жолдасы О.З.-ны   араларындағы ашу-араздық қарым қатынасының салдарынан  «Дюймовочка» бала-бақшасынан шығып келе жатқан кезде алып келген асхана пышағымен бірнеше рет денесінен ұрып құлатқан. Нәтижесінде  жәбірленуші О.З. облыстық ауруханасының жан сақтау бөлімшесінде қайтыс болды.

Сот талап қоюшының талаптарын қанағаттандырды

11/07/2016

Жеке кәсіпкер А.Амангалиева «Қарабатан Сенімді Құрылыс» ЖШС-нен 392 000 теңге өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінді.

Талап қоюшы өз талап арызында жауапкерге келісім-шарт негізінде пәтерді уақытша иелену және пайдалануға бергенін, 2015 жылдың 4 қыркүйек пен 20 қазан аралығында тұрған кезеңі үшін 392 000 теңге жалға алу төлемін өтемегенін, яғни келісім-шарт бойынша жауапкер өз міндеттерін орындамағандығын көрсетеді.

Арсыздық заңсыздыққа әкеліп соқтырды

11/07/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Н.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы Н.Б. 2016 жылдың мамыр айында өзінің танысы Ш.Ж.-ның ұялы телефонына бірнеше рет қоңырау шалып, оған былапыт сөз сөйлеп, сыйламаушылық білдіріп, тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.

Мемлекет кірісіне қайық тәркіленді

11/07/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің383-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматша И.З.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азаматша И.З. 2016 жылдың маусым айында ерекше қорғалатын табиғи аумақта рейдтік шаралар жүргізу барысында Каспий теңізінің оң жақ жағалауы, яғни, балық аулауға тыйым салынған жерде АТР 0482 казанка 5м ілмелі моторлы «Маринер 55» қайығымен ау құралдарын қарап жатқан кезінде ұсталған.