Архив событий

07/07/2016

Ювеналдық соттың бірінші жартыжылдықтағы жұмысы қорытындыланды

07/07/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Б.Жұмабаевтың төрағалық етуімен 2016 жылдың бірінші жартыжылдықтағы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жиналыс   өткізілді.

Сот борышкерге қатысты іздеу жариялау туралы сот орындаушысының ұсынысын қанағаттандырды

07/07/2016

Атырау облысының Мақат аудандық соты Атырау облысы Әділет Департаментінің Мақат аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысының борышкерге қатысты іздеу жариялау туралы ұсынысын қанағаттандырды.

Сот орындаушысының ұсынысынан көрініп отырғандай, оның өндірісінде Атырау қалалық сотының 20 қаңтар 2006 жылғы сот бұйрығы бойынша қозғалған борышкер Ж.-дан  жасөспірім баласын асырау үшін алимент өндіру жөніндегі орындау өндірісі бар.

Орындау барысында борышкердің мекен-жайы белгісіз екендігі анықталды.

Астана күніне орай әкімшілік сотта салтанатты шара өтті

07/07/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы      Ж.Жақсылық мемлекеттік мерекеміз - Елорда күніне орай сот судьялары мен мамандарын құттықтады.

Сондай-ақ айтулы мерекемен осы соттың судьялары Ж.Хабаров пен  Ф.Ансариева да өз құттықтау лебіздерін білдірді. 

Экономикалық сот татуласу рәсіміндерін кеңінен қолданып келеді

07/07/2016

«Уайт Ривер Хауз» ЖШС-гі «Фирма АТК» ЖШС-нен10 136 961 теңгеқарыз сомасын және 807 737 теңге  өсімппұлды өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінді.

Алдын ала сот отырысында тараптар татуласу келісімін жасасты. Келісім шарттары бойынша жауапкер талап қоюшыға 2016 жылдың 25шілдесіне дейін 10 136 961, 29 теңге төлеуге міндеттенеді,талап қоюшы жауапкерге сотта қойған талабынан бас тартады.

Анасы туған баласынан алимент өндірді

07/07/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотына талап қоюшы Г.Б.-ның баласы Ш.М.-дан өзін күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы арыз келіп түсті.

Талап қоюшы Г.Б. сотқа берген талап арызында, жауапкер Ш.М. жалғыз баласы болып келетінін, табыс тауып отырса да, үнемі табысын өзіне жұмсап, бірге тұруына байланысты көмек көрсетпейтінін, ұлына және өзіне алған қос несиені төлеп отырғанын, ақшасын жеткізе алмайтынын, өзінің көмекке мұқтаж екенін көрсетіп, ай сайын 60000 теңге мөлшерінде өмір бойына алимент өндіруді сұраған.