Архив событий

10/08/2016

«Медиация күні» акциясы Исатай аудандық сотында

10/08/2016

Исатай аудандық сотының төрағасы А.М.Мағзомованың бастамасымен Аққыстау селосында орналасқан «Нұр Отан» партиясының Исатай аудандық филиалының ғимаратында «Медиация күні» республикалық акциясы шеңберінде «Медиация күні» акциясы өткізілді.

Қоғамдық қауіпке айналған сыбайлас жемқорлық пен парақорлық

10/08/2016

Құрманғазы аудандық сотында сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың қоғамға қауіптілігі туралы шараларын арттыру мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Шараға судьялар және аудандық маслихат хатшысы, Ганюшкин ауылдық округі әкімінің кеңесшісі, аудандық мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары,  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің басшысы,аудан прокурорының көмекшісі, аудандық әділет басқармасының басшысы қатысты.

Жылыой ауданының Жем селолық округінің орталығында баннер орнатылды

10/08/2016

Мобильдік топтың медиацияны насихаттауға бағытталған түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде Жем селолық округінде де медиацияны жандандыруды қолға алып, ауыл орталығына «Медиация  - үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын тараптың, яғни медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі» тақырыбында  баннер орнатылды.

Мобильдік топтың  медиацияны насихатауға бағытталған іс-шаралары басқа да селолық округтерде  өз жұмысын  жалғастырмақ.

Атырау қалалық сотында азаматтық істі қарау партисипативтік рәсім тәртібімен аяқталды

10/08/2016

Алдын-ала тыңдау барысында талап қоюшы С.А.Ерниязовтың жауапкер «К» ЖШС-не, «Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы», «НОМАД LIFE  сақтандыру компаниясы  » ММ-не кездейсоқ оқиғақ бойынша 30 желтоқсан 2015 жылғы Н-1 №2 актіні даулау,  денсаулығына келтірілген зиян нәтижесінде табыс пайдасын, материалдық шығынды және моральдық компенсациясын өндіру туралы азаматтық ісі бойынша адвокаттардың қатысуымен  дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Атырауда полицейлер вахталық қызметкерден кептірілген сора тапты

10/08/2016

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабы 2 бөлігімен ( есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдау) сотталушы А.Х.-ге  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Анықталғандай, Теңіз қалашығындағы Вахташылар поселкесінің  «Теңіз» полиция бөлімшесінде №2 жұмыс бөлмесінде  сотталушы Х. - ның жеке мүліктеріне тінту жүргізу кезінде одан 1,59 грамм кептірілген марихуана есірткі заты табылған.

Медиация әдісіне жүгінген ерлі-зайыптылар заңды некелерін сақтап қалды

10/08/2016

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде дауды медиациялық тәртіппен шешуді тараптарға түсіндіру қарастырылған.

Неке бұзу туралы азаматтық ісі бойынша талап қоюшы М.А.Сисатова мен жауапкер А.А. Кенжегалиев өздерінің құқықтарын қолданып, медиациялық келісім бекіту үшін өтінішхаттарын ұсынды.

2016  жылғы 21 шілдедегі тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, ішкі отбасылық мәселелерді шешуде бір-бірінің пікірлерін ескере отырып,  некені бұзудан бас тартты.