Архив событий

03/08/2016

Тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілді

03/08/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер Т.-дан қолхат бойынша қарыз ақшасын өндіру туралы талап арызы қаралды.

Сот отырысында талап арызды негізінен қарау барысында судьяның араласуымен тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізді.

Медиациялық келісім бойынша жауапкер келісілген мерзімде талап қоюшыға қарызын төлейді, талап қоюшы өз кезегінде талап арызынан бас тартады.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін поездан түсіріліп, әкімшілік жауапқа тартылды

03/08/2016

Шымкент қаласының тұрғыны К.Н. «Атырау-Алматы» жолаушылар поезында ішімдік ішкен мас күйінде былапыт сөйлеп, жолаушылардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқықбұзушы Сағыз станциясында поездан түсірілген.

Сот отырысында құқықбұзушы К.Н. өз кінәсін толықтай мойындап, жолаушылардың тыныштығын бұзып,  ішімдік ішкен мас күйінде болғанын түсіндірді.

БАҚ өкілдерінің қатысуларымен дөңгелек үстел өтті

03/08/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты сот жүйесіндегі жаңашылдықтарды кеңінен насихаттау мақсатында судьялардың, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдерінің қатысуларымен дөңгелек үстел өтті.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б.Жаманбаев конференцияны ашық деп жариялап, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сотпен атқарылған жұмыстарға және 2011-2016 жылдар аралығында қаралған азаматтық істердің статистикасына тоқталды.

Әкесі мен баласы медиация тәртібімен татуласты

03/08/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер) құқықбұзушы Б.Сүндетовке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Судьялар мен сот қызметкерлері сенбілікке қатысты

03/08/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары мен мамандары сенбілік ұйымдастырды.

Сот қызметкерлерімен сот ғимаратының аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Керек құрал-саймандармен жарақтанған сот қызметкерлері ерекше ынтамен аумақты өсіп кеткен шөптер мен қоқыстан тазалады.

Аталған қоғамдық шара соттардың ғимаратын тиісті дәреже де сақтау мақсатында жиі өткізіліп тұрады.