Архив событий

02/08/2016

Жылжымалы мүлік тыйымнан босатылды

02/08/2016

Атырау қалалық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" ММ-не  мүлікті тыйымнан босату туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьяларына алғыс білдірді

02/08/2016

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж.Бектұрғановтың атына азаматша С.А.Карабасовадан Алғыс хат келіп түсті.

Алғыс хатта автор Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ә.Шығамбаевқа, алқа судьялары С.Байменоваға, З.Әбдіқұловаға, М.Черняховскаяға шекісз алғысын білдірген.

Өз алғысын автор келесі мәтінде білдірген:

Иелену мерзіміне сәйкес сот меншік құқығын таныды

02/08/2016

Атырау қалалық сотымен У-ның жауапкер «Атырау қалалық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне меншік құқығын тану туралы азаматтық ісі қаралды.  

Іс құжаттарынан анықталғандай,  У. ұзақ уақыт бойы  Е. есімді науқас әйелді күтіп-бағып, дәрі-дәрмегін әкеліп беріп, пәтерін қараған. Үй иесі 1999 жылы қайтыс болғаннан кейін У. жерлеу рәсімін ұйымдастырған.

Қазіргі уақытта У. пәтердің коммуналдық шығындарын төлеп отыр.

Сот бітімгершілік келісімді бекітті

02/08/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотындаталап қоюшы А.И.-дың жауапкер Е.Н-дан жол көлік оқиғасының салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы А.И. сотқа берген талап арызында жауапкер Е.Н.-дан қолхат негізінде жол- көлік оқиғасының салдарынан денсаулыққа келтірілген 200 000 теңге зиянды өтеу міндеттемесін орындауды міндеттеу туралы міндетін орындауды және 50 000 теңге көлеміндегі өкілдің көмегін төлеу шығындарын өндіруді сұраған.

Жүргізуші куәлігінен 3 жылға айырылды

02/08/2016

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы К.Б.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқықбұзушы К.Б. жол жүру Ережесінің 2.4.2 тармақтарын бұзып, алкогольмен масаң күйінде көлік басқарған. Дәрігерлік тексеру қорытындысы бойынша оның орта дәрежедегі масаң күйінде көлік басқарғаны дәлелденіп, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы жасақталған.

Темекі тұқылын лақтырғаны үшін – әкімшілік қамақ

02/08/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотымен азамат Г.Койтановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Г.Койтанов 2016 жылдың шілде айында Аққыстау селосы, Мұнайшы көшесінің бойында, яғни қоғамдық орында темекі шегіп, тұқылын жерге лақтырып, ортақ пайдалану орындарды ластау түріндегі ұсақ бұзақылық  жасаған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы Г.Койтанов Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.