Архив событий

17/08/2016

Атырау облыстық сотының судьялары –кураторлар тәжірибелік көмек көрсету мақсатында аудандық сотқа барды

17/08/2016

Атырау облыстық сотының судьялары – кураторлар Р.Аққұлова және М.Черняховская, мамандар К.Чапурина, А.Ахметова Макат аудандық сотына барып судьялар мен мамандарға  тәжірибелік көмек көрсетті.

Онда судья-кураторла қылмыстық және азаматтық процестік кодекс нормаларын қолдану мәселелерін түсіндіріп. Судьялардың сот актілерін жасақтау кезінде сапаға, істі қарау мерзімдеріне назар аударып, әкімшілік істер қарау барысында және қылмыстық істер бойынша жаза тағайындау кезінде қалыптасқан тәжірибеге сүйену керек екендіктерін айтты.

Мас күйде қоғамдық орында жүруін әдетке айналдырған

17/08/2016

Қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетіне және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін мас күйде жүрген үшін заңда әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұл ретте, құрамында спирті бар алкогольдік ішімдікті қонақта, мейрамханада және т. б. жерде пайдаланғаны маңызды емес.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты  ӘҚБтК-нің 440-бөлімінің 4-бөлігімен әкімшілік істі қарады.

Көршілер бітімгершілікке келді

17/08/2016

Индер аудандық сотымен талап қоюшы У.Н.-ның жауапкер С.Н.-дан өзіне келген материалдық зиян 440.882 теңгені және сот шығыны мен мемлекеттік бажды өндіруді  сұраған азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғаны,талап қоюшы 2015 жылы көршісі С.Н.-ның  үйінде тұрмауынан өзінің үйінде канализация бітеліп, көрішісінің үйіне су кетіп, 440.882 теңге материалдық зиян келгенін айтып,жауапкерден өндіруді сұраған.

21 210 теңге айыппұл салды

17/08/2016

Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610 бабының 1 бөлімімен М.А.-ға  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Жылыойда балықшыға айыппұл салынды

17/08/2016

Атырау облысы Жылыой аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігімен азамат Е.Ж -ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Анықталғандай , 07 маусым 2016 жылы сағат 11.00 шамасында құқықбұзушы Е.Ж. Айранкөл кең орны маңында, Жем өзені саласында балық аулауға тиым салынған жерден балық аулап, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігінде көзделген  әкімшілік құқықбұзушылық әрекет жасаған.