Архив событий

15/08/2016

Атырауда құрылыс басқармасының басшылығы бюджет қаржысын миллиондап жымқырғаны үшін сотталды

15/08/2016

Атырау қаласының №2 соты бұрынғы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы С.Жұмашбаевқа, оның орынбасары С.Каировқа және аталған бөлімнің маманы А.Бижановқа қатысты үкім шығарды.

Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей, лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу Атырау қаласының орта мектептеріне жапсарлас құрылыс салу бойынша бюджет қаржысын жымқыру және мердігер мекемелердің басшыларынан заңсыз сыйаяқы алу  фактілері бойынша басталған.

Атырауда экс-полицей Утеуовтың шулы хаты бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

15/08/2016

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясымен 2016 жылдың 10 тамызында Астана қаласының тергеушісі И.-ге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Тергеуші И. лауазаымдық өкіліеттіліктерін асыра пайдаланды және Атырау қалалық ІІБ – да тергеуші ретінде лауазымдық міндеттерін орындау кезінде кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты деп күдіктенуде.

Атыраулық азамат балдызын өлтірді деп күдіктенуде

15/08/2016

Атырау қаласының №2соты жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша 28 жасар Атырау қаласының тұрғынына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтарпау шарасына санкция берді.

Медиация – дау-жанжалды соттан тыс шешу әдісі

15/08/2016

 «НұрОтан» партиясы Индер аудандық филиалының мәжіліс залында  доғарыстағы судья –Махамбет ауданы бойынша кәсіби емес медиатор С.Жұмалиевамен «Медиация күнін» атап өту, медиацияны кең көлемде насихаттау мақсатында  семинар өткізілді.

Жылыой аудандық сотының ұжымы сенбілік өткізді

15/08/2016

Сот  ұжымы сот ғимаратына тиесілі аумаққа тазалау жұмыстарын жүргізді. Ұжым керекті құралдармен көшеттерді қалыпына келтіріп,  ауланы қоқыстардан тазартты,  сонымен қатар,  жақтауларды әктеп,  соттың  барлық аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Осындай сенбіліктер мен басқа да ресми емес шараларды өткізуде ұжымды біріктіру, қызметкерлерді басқаша қырларынан танытуға мүмкіндік береді.