Архив событий

22/08/2016

Ана тілің - арың бұл

22/08/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Аталған семинарға Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныңмамандары қатысты.

Семинар барысында кеңсе жетекші маманы А.Ібішевамен  халықты ержүректілікке, намысқойлыққа, елін-жерін, тілін сүюге шақыратын мәселелері талқыланды.  

Бітімгершілік бірлікке бастайды

22/08/2016

Махамбет аудандық сотында «Бітімгершілік бірлікке бастайды» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге соттың судьялары, кәсіпқой емес медиаторлар, аудан прокурорының орынбасары, қорғаушы және нотариус қатысты.

Судья А.Досмагамбетова «Бітімгершілік бірлікке бастайды» атты тақырыбында баяндама оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Аудандық сотта азаматтық істер бойынша медиациялық келісімдері туралы кәсіпқой емес судья С.К.Жумалиева сөз сөйледі.

Исатай аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

22/08/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотының ғимаратында«Азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Исатай аудандық сотының судьялары Ж.Е.Мухаметова, Е.Ж.Абдраманов және мамандары, Исатай ауданы прокурорының орынбасары Ж.Жұмағазиев, Исатай аудандық ІІБ-нің қызметкерлері, аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.

Букмекерлік кеңседе тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды

22/08/2016

Атырау облысы Исатай аудандық соты азамат Ж.Муханбетовке қатысты әкімшілік ісін қарады.

Сотта анықталғандай, Ж.Муханбетов 2016 жылғы 07 тамыз сағат 08.00 шамасында Жанбай селосында орналасқан букмекерлік кеңседе А.Ермекованы балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын ұсақ бұзақылық жасаған.

Соттың қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 4 тәулік әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды.