Архив событий

04/08/2016

Қызы қайтыс болуына байланысты сыйға тарту шартының күші жойылды

04/08/2016

Атырау қалалық сотында талап қоюшы У.К-ның жауапкер К.Р-ға, Атырау облысы Әділет басқармасына сыйға беру шартын және мемлекеттік тіркеуді бұзу туралы туралы азаматтық ісі қаралды.            

4-ші шілде 2005 жылғы сыйға тарту келісім шарты  негізінде талап қоюшы У.К. қызы С.Т-ға Атырау  қаласы Азаттық көшесі 56 пәтердегі ½ үлесін сыйға тартқан. Қызы С.Т. 48 жасында 14-ші қараша  2015 жылы  қайтыс болған.

Атырауда нотариус алаяқтық және пара беруге арандатушылық жасағаны үшін сотталды

04/08/2016

Атырау қаласының №2 сотында Атырау облысы нотариаттық палатасының мүшесі, жеке нотариусқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мәні бойынша,  2015 жылдың қазан айында Б.Д. есімді азамат нотариаттық қызметпен айналысу мақсатында жеке нотариус К.Хайруллиннен тағылымдамадан өтеді.

Тағылымдамадан өту барысында К.Хайруллин жас маманға нотариустың лецензиясын алып беруге көмектесе алатынын айтады. Осы қызметі үшін ол Әділет Департаментінің лауазымды тұлғаларына беремін деп 20 000 АҚШ долларын талап етеді.

Жасөспірімге темекi сатқаны үшін жауапқа тартылды

04/08/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен (он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және
темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы) құқықбұзушы К.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот отырысында анықталғандай, 2016 жылдың маусым айында Атырау қаласы, Сатыбалдиев көшесінде орналасқан «Құлагер» дүкенінің иесі К. 2002 жылы туылған жасөспірімге темекі бұйымын сатып, әкімшілік құқықбұзушылық  жасаған.

Қарындасына ашуланып үйінің терезелерін сындырды

04/08/2016

О.М. 2016 жылдың маусым айында қарындасы А.С.-ны балағаттап, сыйламаушылық көрсетіп, үйдің терезесін сындырып, жанұя тыныштығын бұзған.

Сотта О.М. кінәсін толық мойындап, қарындасын ашумен былапыт сөздермен тілдегенін айтып, үйдің терезесін сындырғанын растады.

Сотта жәбірленуші А.С. өзін ағасы О.М. сыйламай, бірігіп жұмыс жасайық деген ұсынысын көтере алмай үйдің терезелерін сындырып тастағанын, оған кешірім бермейтінін, заңды шарасын қолдануды сұрады.

Кезекті медиациялық келісім бекітілді

04/08/2016

Атырау облысының Мақат аудандық сотының ұйғарымымен талап қоюшы А.-ның жауапкер К.-ге некеде тұрған кездегі жинаған ортақ мүлікті бөлу туралы талап арызы бойынша кезекті медиациялық келісімі бекітілді.

Сот отырысында талап арызды негізінен қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді жасақтады, медиациялық келісім бойынша жауапкер К. 4 000 000 теңге берешегін толықтай төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Азаматтық іс соттылығы бойынша қалалық сотқа жіберілді

04/08/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Национальная Факторинговая компания» ЖШС-нің А.Таубаев пен «Коммерческая торговая компания», «Жанэль», «Группа Компаний Атаба», «Алкопищепром», «Атаба» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінен 65 917 404 теңге қарыз сомасын және сот шығындарын өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Медиациялық келісімге сәйкес тараптар берешек қарызды 14 198 282 АҚШ доллары деп таныды

04/08/2016

Атырау қалалық сотымен дауды (жанжал) шешудің балама әдістері кеңінен қолданылуда. 

Тараптар талап қоюшы АО ФБ «Сбербанк» жауапкерлер С.И.,  «А.М.» ЖШС-і өздерінің құқықтарын қолданып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты медиациялық келісім бекіту үшін ұсынды.

Медиациялық келісім бойынша тараптар берешек қарызды 14 198 282,76 АҚШ доллары деп таныды, жауапкерлер 27-ші қараша 2018 жылға дейін толық көлемінде берешекті төлеуге, ал талап қоюшы өзінің талабынан толықтай бас тартуға  міндеттенеді.