Архив событий

11/08/2016

Сот талап қоюшының жеткізілім шарты бойынша талабын қанағаттандырды

11/08/2016

Атырау облысынының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Атырау Поли Пак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Ас Тұз-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен жеткізілім шарты бойынша 2 721 365 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Материалдық және моральдық залалды өндіру туралы іс бойынша тараптар медиациялық келісімге келді

11/08/2016

2016 жылдың 24 сәуірінде Атырау қаласы Құлманов көшесіндегі «Ардагер» сауда орталығының артында жол – көлік оқиғасы болып, нәтижесінде талап қоюшыға материалдық және моральдық залал келтірілген.  Жол – көлік оқиғасы жауапкер  С.А. кінәсінен болып, бүгінгі күнге дейін келтірілген залалдардың орны толтырылмаған.

Істі сот талқылауына дайындау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат ұсынды.