Архив событий

19/08/2016

Атырауда сот жалған полицейге айыппұл салды

19/08/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 19 жасар азамат С.Р.-ға қатысты ӘҚтК-нің 675 бабы 1 бөлігі, яғни айырым белгiлерi және  нышаны бар әскери киiм нысанын заңсыз киiп жүргені үшін әкімшілік іс қаралды.

Бұрынырақ БАҚ беттерінде, отставкадағы бұрынғы полицей Атырау қаласындағы «Насиха» сауда орталығында жүрген кіші сержанттың әрекетіне күмәнмен қарағаны, сөйтіп, ол оған жақындап барып, сәлемдесіп, құжаттарын көрсетуді сұрағаны айтылды. Кіші сержан қызметке енді ғана орналасқанын, куәлігінің әлі дайын болмағанын айтқан.

Сот кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процесстік келісіммен келіп түскен қылмыстық істі прокурорға қайтарды

19/08/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының іс жүргізуіне Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің  114 бабының 3-бөлігімен (абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру) жасөспірімді айыптау бойынша сотқа берілген қылмыстық іс түсті.

Жасөспірім 2015 жылдың шілде айында, Атырау қаласы,Тельман көшесіндегі Жайық жағауында, «Скутерды» басқарып келе жатып, 87 жастағы қарияны  қағып, нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтiрген.  

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің шенеунігі пара үшін сотталды

19/08/2016

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен пара алды деп айыпталған Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс қаралған.

Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей, Махамбет аудандық әкімдігіне П. есімді азаматтан ауыл шаруашылығы қызметімен айналысу үшін жер алу мақсатында арыз түседі.  Шенеунік фермерге  Таңдай каналы маңында орналасқан 20 гектарлық жер учаскесін ұсынған. Аталған шаруаны тезірек шешу үшін  пысық шенеунік одан 150 000 тенге талап етеді.

Сот көлік құралдары салығын өндіру туралы бұйрық шығарды

19/08/2016

Жылыой аудандық соты «Жылыой ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің Құлсары қаласының тұрғынына қатысты 7366 теңге көлеміндегі көлік салығы бойынша   борышты өндіріп алу туралы арызды қарады.

Борышкердің атына жеке меншік ретінде 2014 жылғы «Лада 21705»маркалы автокөлігі тіркелген. Ол 2014 жыл үшін 7366 теңге көлемінде салығын төлемеген.

Арызданушы борышкерге өз еркімен борышты төлеу туралы ескерту жіберді. Салық бойынша борыш төленбегендіктен, өндіріп алушы сотқа жүгінді.

Сотпен әкелікті тану фактісі анықталды

19/08/2016

Атырау қалалық соты азамат А.-ның арызы бойынша әкелікті тану фактісін анықтады.

Сотта арызданушы А. мен Г. 2010 жылдың 18 қыркүйегі мен 2016 жылдың 07 қандары аралығында некеде болып, ортақ шаруашылықты жүзеге асырып, осы некеден 2012 жылғы 08 наурызда туылған С. атты қызы бар екендігі анықталды.