Архив событий

12/08/2016

Махамбет аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

12/08/2016

«Медиация күні» республикалық акциясын өткізу шеңберінде Махамбет аудандық сотының судьяларының, отставкадағы судья, кәсіби емес медиатордың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен сот ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілді.

Қазіргі қоғам алдында қойылып отырылған маңызды мәселенің бірі – дауды баламалы тәсілдермен шешуді жолға қою, нығайту және жетілдіру, оның ішінді медиацияны дамыту.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-әр азаматтың борышы мен міндеті

12/08/2016

«Нұр Отан» партиясы Индер аудандық филиалының мәжіліс залында Индер аудандық сотының ұйымдастыруымен  аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары, жастар ресурсы өкілдері және БАҚ өкілдерінің қатысуларымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған құқықтық іс шаралар» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізілді.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты қорытынды есеп берді

12/08/2016

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Г.Даулетовамен өткен баспасөз-конференциясында соттың 2016 жылдың 6 айлық жұмысы қорытындыланды.

Екінші топтағы мүгедекті көлікпен қағып, балағаттағаны үшін мүліктік, моральдық залал өтемақысы өндірілді

12/08/2016

Атырау қалалық сотында талап қоюшы М.Ш-ның жауапкер К.С.-ге 50 000 теңге материалдық зиян және 2 000 000 тенге моральдық залал өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.            

Сот отырысында 5-ші қаңтар 2016 жылы сағат 12-00-дер шамасында  К.С. Атырау қаласы, Авангард-2 мөлтек ауданында орналасқан №9 үйдің тұсында, «Kia  Sportage» маркалы көлігінің артында тұрған М.Ш-ны қағып, оның наразылығына М.Ш-ны балағаттап, ар-намысына тиетін былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық білдірген.

Мүлікті бөлу туралы дау партисипативтік рәсім тәртібімен аяқталды

12/08/2016

 Атырау қалалық сотында тағы бір дау партисипативтік рәсіммен аяқталды.

Іс материалдары бойынша ерлі-зайыптылар 2013 жылы «Каспий Банк»  және «Альянс банк» АҚ-нан несиелер алып, «Lada Priora» маркалы машинасын сатып алған және жеке меншік тұрғын үй салған. Кейін екеуінің арасындағы неке бұзылған.

Сот талқылауы барысында екі тараптың адвокаттарының қатысуымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім ұсынылды.

Атырауда сотқа құрметтемеушілік көрсеткен мемлекеттік қызметкерлер әкімшілік жазаға тартылды

12/08/2016

Іс материалдарында көрсетілгендей, «Жылыой аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы К.А және сол мекеменің бөлім басшысы Ж.Д,  сот өндірісінде қаралып жатқан әкімшілік іс бойынша куә ретінде  ресми түрде шақырылғандарына қарамастан,  сот отырысына дәлелді себептерсіз келмей, сотқа құрметтемеушілігін көрсеткен.

Жылыой аудандық сотының аға сот приставы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653 бабының 1 бөлігімен оларға қарсы  әкімшілік іс қозғаған.

Атырауда баласына селқос қараған ата-ана жауапқа тартылды

12/08/2016

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың 5-ші шілде күні полиция қызметкерлері Авангард мөлтек ауданында түнгі сағат 02.00-де қыдырып жүрген 1998 жылғы Темірхан есімді жасөспірімді ұстаған. Осыған орай, оның анасына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Кейін, оның селқос ата – ананың дәл осындай құқықбұзушылығы үшін бұрын ескерту түріндегі жазаға тартылғаны белгілі болды.

Көші-қон заңнамаcын бұзған қытайлыққа айыппұл салынды

12/08/2016

Жылыой аудандық сотында Қытай Халықтық Республикасының азаматы Лианг Юнге қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, шетелдік азамат Қазақстанға жұмыс мақсатымен сәуір айның басында келіп, Алматы қаласында тіркелген. Алайда нақты тұрып жатырған жері Атырау облысы, Жылыой ауданы екені анықталған. Сөйтіп, ол тіркелу құжаттары қазіргі мекен-жайымен сәйкес келмегендіктен Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабының 2 бөлімінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.