Архив событий

24/08/2016

Индер аудандық соты «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты

24/08/2016

Индер аудандық сотында  «Мектепке жол-2016» дәстүрлі жалпы республикалық акциясы өткізілді.

Аталған акция аясында Индер аудандық сотының ұжымы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына көмек көрсету мақсатында мектеп оқушыларының   мектепке арналған киімді және оқу-құрал жабдықтарын сатып алуға қаржылай  көмек көрсетті.

Қайырымдылық көмегі үшін ата-ана сот ұжымына алғысын білдіріп, жемісті жұмыс тіледі.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-әр азаматтың борышы мен міндеті

24/08/2016

Атырау қалалық сотымен «Азаматтардың құқықтырын және заңды мүдделерін қорғау бойынша қызметін жүзеге асыруда қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың механизмдерін нығайту, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі  сыбайлас жемқорлықтар туралы құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау туралы пікір алмасты.

Атырауда көлік поездбен соқтығыс жасаған

24/08/2016

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат А.Д.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, 2016 жылғы 6 шілдеде түнде А.Д.маркасы «Toyota Land Cruiser Prado» көлік құралын Атырау қаласы Құрсай ауылы елді мекенімен басқарып келіп,  күзетілмеген темір жол өткелінде жақындап қалған поезд құрамы локомативіне жол бермей соқтығыс жасаған. Нәтижесінде материалдық залал келтірген.

Әкелік дауы медиация тәртібімен реттелді

24/08/2016

Атырау қалалық сотымен азаматтар арасында медиация институтын қолдануды кеңінен насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Сот отырысын өткізу барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы жан-жақты түсіндіріледі.   

Осылай, талап қоюшы К.Е. сотқа жауапкер Л.Л.-ға қызы К.С.-ге қатысты әкелікті даулау,  410 825 тенге материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы талап қой арызымен жүгінді.

Бекіре тұқымдас балықтарын заңсыз иемденіп тасымалдағаны үшін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

24/08/2016

Атырау облысы Исатай аудандық сотында У.Дузеловті Қазақстан Республикасының ҚК-нің 339-бабымен айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың шілде айында сотталушы У.Дузелов Исатай селосынан өзіне бұрын-соңды таныс емес жігіттен, 10 килограмм бекіре тұқымдас балықтарын алып, өзінің басқаруындағы «Фолксваген Мультиван» маркалы автокөлігімен тасымалдаған.