Архив событий

16/08/2016

Сот істі тараптардың қатысуынсыз қарады

16/08/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" Мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Хромтау орталық аудандық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының жеке кәсіпкер Сатанов  Жасулан  Анетовичты  мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және 2 400 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарын зерттеп, төрағалық етуші сот талап қоюшының арызын қанағаттандырды.

Сот төрағасы жас заңгерлермен кездесу өткізді

16/08/2016

Жылыой аудандық сотының төрағасы А.Саудабаев ЖОО және Колледжді тәмәмдаған  жас заңгерлермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жас  мамандар «Жылыой аудандық жұмыспен қамту орталығының» қолдауымен  жастар іс –тәжірибесі арқылы бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында еңбек жолын аудандық соттан бастағысы келгендерін айтты.

Сот өндіріп алушының талаптарын қанағаттандырды

16/08/2016

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Уест Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Атырау Строй Мир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен  2013 жылдың 1 тамызындағы №21-13-UOL бетон жеткiзiлiмi шарты талаптарын орындамағандығы бойынша 4 380 311  теңге өңдіруге сот бұйрығын шығару туралы арызы қаралды.

Исатай аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлық –– қоғамға қауіпті дерт» тақырыбында брифинг өтті

16/08/2016

Атырау облысының Исатай аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлық –– қоғамға қауіпті дерт» тақырыбында брифинг өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандық соттың төрағасы міндетін атқарушы Ж.Е.Мухаметова, аудандық соттың судьясы және мамандары, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары А.Арпенов, аудан прокурорының орынбасары Ж.Жұмағазиев, аудандық «Нарын таңы» газетінің тілшісі С.Панабердиев қатысты.

Сотпен сырттай шешім бұзылды

16/08/2016

Атырау облысынының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының «Кредитное товарищество «Атырау»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 95 537 025 теңге қарыз, 11 912 768 сыйақы және 24 498 688өсімпұл сомасын өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

2016 жылдың 27 қаңтарында аталған іс бойынша талап арыз қанағаттандырылып, сырттай шешім шығарылды.